Құрбанды түнде сойсам бола ма?
Құрбанды түнде сойсам бола ма?
1 жыл бұрын 4082

Сәлеметсіз бе! Менің сұрағым: Қойды түнде союға бола ма? Олжас.  

Сәлеметсіз бе! Ханафи мәзхабында құрбанды түнде сою «жеңіл мәкруһ» саналған. Бұл дегеніміз, мүмкіндігінше күндіз шалуға тырысқан абзал. Дегенмен, кешқұрым не түнде шалса да құрбандығы саналады. Тек,  үш күн айттың алғашқы екі түнінде ғана рұқсат. Ал, айттың үшінші түнінде құрбан шалынбайды.

Себебі, құрбан шалу уақыты - Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні күн батар-батпас сәтке шейінгі аралық[1]. 

Алла шалған құрбандарыңызды қабыл етсін! 


[1] Ибн Ғабидин: Роддуль Мухтәр. ; Убайдулла ибн Мәсғуд: ән-Нуқоя.

Абдусамат Қасым