Бас редактор бағаны
Астана әуежайындамын. Намаз оқуға арналған бөлмені жауып тастағалы намазды уақытында оқу уайым болды. Ары-бері қарап ыңғайлы орын таппаған соң бұрыштағы баспалдақтың шатырға шығатын тұсына барып, жайнамазды жайып, сонда оқыдым. Дәретханада бір шетелдік аяғын жуып жатыр. Ондағы жұрт оның бұл әрекетін түсіне алмай, жақтырмаған кейіп танытуда. Намазын әй шайға қарамай бос орынға барып оқи салды. Кеше Ханшатыр сауда үйіндегі намазхананың есігінде қара құлып тұрғанын көргенімін. Бұл не сонда? Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған тартуы ма? Жоқ, кеңес кезеңіне кері келдік пе? Жоқ әлде экстримизммен күрестің түрі ме? Әлемнің кез-келген әуе жайында (Америка, Европаны да қосыңыз) намаз оқуға... [Толығырақ...]
02.12.2016
Фотогалерея
Қытай императорының Пайғамбарымыз (с.а.у.) туралы жазған мадақ өлеңі

Император Чжу Юаньчжан Қытайды 1368 жылдан 1398 жылға дейін басқарып келген. Ол бүкіл елді жаулап алып, моңғолдық Юань династиясын күйреткен Мин әулетінен шыққан алғашқы әмірші.

Өзі мұсылман болмаса да, Чжу Юаньчжан Нанкин, Юньнани, Гуандун және Фуцзян елді мекендерінде бірнеше мешіттерді салуға әмір береді. Ол Нанкин елді мекеніндегі «Цзиньцзюе» мешітін қайта салдыртып, оның патшалығы кезінде көптеген қытай мұсылмандары (хуэй) қалаға көшіп келген.

Оның әскерінде 10 мыңға жуық генералдар болған, олардың арасында: Чан Ючуан, Лян Ю, Дин Децсин, Му Йин, Фен Шень және де Ху Дахаи бар еді. Оның жұбайы – Ма ханшайымы, мұсылман отбасынан шыққан, ал өзі болса әу бастан Го Цзысин бастаған, мұсылмандардың көтеріліс жариялаған жасағының мүшесі болған еді. 

Император Чжу Юаньчжан 100 сөзден тұратын ода – мадақ өлең жазып, өлеңінде Аллаға, Исламға және Пайғамбарымызға (с.а.у.) мақтау-мадақ айтқан. Ол бұл өлеңін салуға әмір берген барлық мешіттерге таратуды бұйырады.
 
Ода поэма қалпында жазылғын, әр шумақ 4 сөздерден (иероглифтерден) және 4 буыннан құрастырылған.

Ұсынылып отырған аудармада, поэманың мағынасын толық ашу мақсатында  алғашындағы тәртібі сақталмаған.

Жүз сөзден құралған мадақ өлең

Жаратқан кезден-ақ ғаламды,
Жазым ғып Батыстан сәлемді -
Құдайым келтірді өмірге
Нар тұлға - уағызшы адамды.
 
Қамтыған отыз бөлімді
Киелі Кітапты тапсырды.
Құдайдан келген нұсқаулық
Жаралған үшін – жолбасшы.
 
Әміршілердің Мырзасы,
Әулиелердің Тұлғасы,
Құдайдан алған демеумен,
Үмметін қоршап-қорғаған
Бес уақыттық намазбен
Жиһанға артып сенімін
Үмітін үнсіз торлаған.
 
Аллаға тартқан жүрегін,
Кедейге берген жігерін,
Қасірет келсе қорғайтын,
Түнектен жарық тастайтын,
Жан менен рухтың барлығын
Күнәдан аулақ сақтайтын,
Мейірім болған әлемге
Көшбасшы, жолға бастайтын -
Ежелден салған ұлы жол,
Зұлымдықты құрықтап
Күйретіп оны тастайтын.
 
Көзіндей мөлдір бұлақтың
Пәк, таза дінін танытқан.
Мұхаммад – Асыл да Ардақты,
Мейірбан және Данышпан!


(Тан Та Сен, Дашен Чен (2000), Чжэн Хэ және Оңтүстік Азиядағы Ислам, Оңтүстік Азияны зерттеу Институты, 170 бет.)