Ашу жүрек ауруларына шалдығу қаупін арттырады
Ашу жүрек ауруларына шалдығу қаупін арттырады
20 күн бұрын 878

Өзін-өзі ұстай алатын сабырлы адамдарға қарағанда ашушаң адамдар инфаркт немесе инсульттан қайтыс болу қауіпіне көбірек ұшырайды екен.

Гарвард қоғамдық денсаулық институтының мамандары мыңдаған пациенттердің дерегін сараптай келе, осындай қорытындыға келген.  

Бір қызығы, ашу-ыза басталғаннан кейін екі сағат ішінде инфарктың туындау қатері бес есеге артып, ал инсультқа шалдығу қаупі үш есеге көбейетінге ұқсайды.

«Бір мәрте ашуланудың нәтижесінде жүректің тоқтап қалу қауіпі әрине, төмен. Бірақ ашу жиілеген сайын оның жүрекке тигізер кері әсері де жинала береді», - деп ескертеді доктор Элизабет Мастофский.

Айтпақшы, адамның миында «ашу-ыза орталығы» деп аталатын құбылыс орын алған. Ол жоғарғы маңдай қатпары мен қапталдағы ми сайының түкпіріндегі бас ми қабығының бір бөлігінің аймағында орналасқан. Мидың бұл аймағы эмоцияның пайда болуында әрі бір қалыптылықты сақтауында үлкен ролі бар.  Мұны Лондон университеті колледжінің ғалымдары Самир Джеки мен Джон Ромая 2008 ашқан.

Бұдан үш жыл бұрын олардың Уорик қаласындағы (Англия) британдық әріптестері депрессияға шалдыққан адамдар мен депрессияға шалдықпаған адамдардың ашу сезімдері қалай пайда болатындығын тексерген. Сондай-ақ, олар депрессия мен мидағы «ашу орталығының» жұмысы арасындағы байланысты бақылаған. Сол зерттеудің нәтижесінде депрессияға шалдыққан пациенттердің «ашу орталығындағы» байланыстың бұзылғандығы және ондағы үш бөлімшенің қызметіндегі үйлесімділіктің жоғалғандығы байқалған. Ал сау адамдарда болса (депрессиясы жоқтарда), барлық процесс  бір уақытта, өзара үйлесімділікте жылжып отырады.  

Мидағы «ашу орталығының» жұмысындағы біртектіліктің жоқтығы, депрессияға ұшыраған адамдардың неге өзін-өзі қор көретіндіктерін және неге жек көрініштілік сезімін жиі сезінетіндіктерін түсіндіре алады. 

Хадис шарифте бір адам Мұхаммед пайғамбарға келіп одан кеңес сұрайды. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ашуланба», - дейді. Ол тағы өз өтінішін бірнеше мәрте қайталап сұрайды, бірақ Пайғамбар (с.ғ.с.) әр жолында: «Ашуланба», - деп жауап береді. Алла елшісінің үш қайтара «ашуланба» деп айтуының астарында тек моралдық тәлім-тәрбие ғана жатыр десек, келте ойлаған болар едік. Пайғамбарымыздың бұл кеңесінің тікелей деннің саулығына да қатысы бары бүгінде ғылым анықтап отыр.

Аллаһумма салли аля сайидина Мұхаммәд!

© islam.kz

2 пікір