Әлемде тұңғыш рет: жасанды интеллекті пәтуа шығаратын болады
Әлемде тұңғыш рет: жасанды интеллекті пәтуа шығаратын болады
11 күн бұрын 1235 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы аптада Дубай қаласында әлемде тұңғыш рет сан түрлі сауалдарға шариғат тұрғысынан жауап беретін жасанды интеллекті қызметін іске қосты. Gulf News ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, «Виртуалды Ифта» деп аталатын жасанды интеллекті негізінде жұмыс істейтін бағдарлама діни сауалдары интернет-чат арқылы қабылдап, тиісті пәута шығарады. Қазіргі уақытта ол дұғаларға қатысты шамамен 200 сауалға жауап бере алады. Бұл туралы Ислам және қайырымдылық ісі жөніндегі департаменттегі ифта бөлімінің (IACAD) жетекшісі Тарық әл-Емади мәлім етті. Виртуалды Ифтаны IACAD сейсенбіде ресми іске қосты. Десе де аталмыш сервис әлі тәжірибе ретінде қолданылуда. «Виртуалды Ифтаны» жұртшылық IACAD-тың веб-сайтын онлайн режимінде пайдалана алады. Ол араб және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Кейін аталмыш сервисті Whatsapp мессенджерінде де пайдалануға болады. Сервис намаз, ораза және қажылыққа қатысты пәтуалармен толықтырылады. Gulf News ақпарат көзінің дерегінше, IACAD веб-сайтына «Chat with us»-ті басып кіруге болады. Сауалыңызды таңдаған соң: «Сауал жолдаушы, сіздің сұрағыңызға берілетін жауап жасанды интеллекті технологиясын пайдалану негізінде автоматты түрде дайындалып жатыр. Сақтық шараларын қабылданғанына қарамастан қателік кетуі мүмкін. Өтініш, қателікті байқаған жағдайда бізбен байланысыңыз»,- деген хабарлама шығады. Ал Khaleej Times ақпарат көзінің мәліметі бойынша «Виртуалды Ифта» аталмыш департамент бір жылда алатын 130 мың сауалға жауап бере алатын болады. Пәтуа генераторының қаншалықты дұрыстығына қатысты IACAD-тегі бас мүфти Мұхаммед Айад Аюб әл-Кобаиси былай жауап берді: «Егер виртуалды көмекші өзіне қойылған сауал жауабының дұрыстығына 85 пайыз күмәнмен қараса, онда жауап бермейді». Мұндай жағдайда сервис аталған қызмет түрін пайдаланушыға сауалды қайта қоюды сұрайды. Әлбетте, иджтихатты талап етпейтін қарапайым сауалдарға жауап беретін болады. Ал сауда-саттық немесе мұрагерлік жайына қатысты күрделі сауалдарда аталған сервитің қызметін абайлап пайдаланған жөн, дейді сарапшылар.

0 пікір
Мұрағат