«Бір белдеу – бір жол» әлем экономикасын алға сүйрейтін күшке айнала ала ма
«Бір белдеу – бір жол» әлем экономикасын алға сүйрейтін күшке айнала ала ма
7 күн бұрын 475 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Таяуды халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдық мерейтойына байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы қабырғасында  өткізілген мәжілісте қытайлардың соңғы жылдары күллі әлемді екі лагерге (жақтаушылар мен даттаушылар)  бөлген, батыс елдері стратегиялық қауіп көрген ғаламдық жобасына қатысты жаңа бағытты енгізетін болып шешті. Яғни, 60-тан аса ел тартылған «Бір белдеу – бір жол» әлемдік экономикаға серпін беретін, екі жақты қатынасты дамыту платформасына айналатын, инфрақұрылымды жетілдіретін жоба ретінде қарастырылған екен. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, қытайлардың бастамасымен қолға алынған әрі қытайлардың атсалысуымен Қытайдан тыс аумақта, яғни, өзге мемлекеттердің территориясында 82 технопарк салынған. Бұл технопарктер өз кезегінде 300 мыңға тарта адамға жұмыс тауып беріп отыр. Тек осы айтылғандардың өзінен-ақ аталмыш жобаның әлемдік экономикаға қаншалықты серпін беретінін аңғаруға болады. Десе де аталмыш жаһандық жобаның экономикалық пайдасынан бұрын геосаяси астарын қалың көретіндер үшін «Бір белдеу – бір жол» ендігі жерде айналып өту мүмкін емес өмір шындығына айналған. Бүгінгі күннің нақты шындығы ретінде қабылдауына тура келіп отыр. Бұл тарапта транзиттік әлеуеті жоғары Орта Азия, соның ішінде Қазақстан бұл бастамаға ерекше мән беріп отырғанын білесіздер. Бұл жоба іске қосылса, еліміз жыл сайын шамамен 300 млн доллар табыс табады екен. Бұдан бөлек, еліміздегі кәсіпорындар жұмысын жандандырып, экспорттық әлеуетін арттырады. Алайда, еліміздің аумағында осы жобаға тартылаатын қытайдың арзан жұмысшы күшінің ұлтымыздың генофондына, діліне, дініне, т.б. тигізер әсері толық зерделенген жоқ. Бұл экономистердің емес, басқа саланың мамандары айтуы тиіс сөз. Десе де ел билігі бір жақты қарамай, жан-жақты саралап, сараптап, «өгізді де өлтіріп, алмай, арбаны да сындырып алмай», жол табуы тиіс. Қанша қаламасақ та құдай қосқан көршімізден іргемізді аулақ сала алмаймыз. Екінші жағынан, қазақстандықтар өз аяғымен келіп тұрған пайдадан да қағылмауы керек. 

0 пікір
Мұрағат