Ғылым әлеміндегі ең азалы көрініс: жасушаның өлуі (видео)
Ғылым әлеміндегі ең азалы көрініс: жасушаның өлуі (видео)
8 күн бұрын 783 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Reddit әлеуметтік жаңалықтар сайтында таспаға тартылып қалған блефаризм текті бір жасушалы инфузор туралы екі минутқа созылатын танымдық видеоның танымалдылығы артып келеді. Онда микроағзаның өмір үшін күресі бейнеленген: түктерін жандәрмен жыбырлатып ғайып болады. Белгілі болғандай, жасуша жарықтың әсерінен «өлген». Джеймс есімді 27 жастағы америкалық жігіт осы кқріністі таспаға тартып алыпты. Программамен жабдықтаушы (бағдарламамен қамтамасыз етуші) болып жұмыс істейтін ол қолы  қалт еткенде биология курсына қатысып, микроскоп арқылы микроағзаларды бақылауды әдетке айналдырған болатын. Осылайша ол өзінің академиялық «білімін» өзгелермен бөлісуді жөн көрген екен.

0 пікір
Мұрағат