Мешіттің тербелетін мұнара құпиясы әлі күнге ашылған емес (видео)
Мешіттің тербелетін мұнара құпиясы әлі күнге ашылған емес (видео)
11 күн бұрын 2568 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранның Исфаһан қаласы ел астанасы – Тегераннан оңтүстігіне қарай 340 шақырым қашық жатыр. Аталмыш тарихи әрі көне шаһар XI-XIX ғасырларға тән ислами сәулет пен ескерткіштердің көптігімен аты шыққан. Бұл қаладағы туристер тамашалау үшін алыстан ат арытып арнайы келетін орындардың бірі - тербелетін екі мұнарасы бар мешіт. Бұл мешіт XIV ғасырда тұрғызылған әл-Абдолла кесенесінің бір пұшпағы. Тек Исфаһанның емес, күллі Иранның мақтанышына айналған орын. Биіктігі 6 метрге жететін мұнараны итерсеңіз ол тербеледі әрі екінші мұнара да бірге тербеледі. Оны тербеу үшін арнайы адамдар жалданады. Олар жарты сағат сайын мұнараны тербеп тұрады. Яғни, бір ауысымда он рет тербейді. Бұл оңай шаруа емес, күш-қайратты қажет ететін іс. Ең бастысы, ырғағын табу керек. Мұнараның ұшар басының ауытқу амплитудасы 15-20 сантиметрге дейін жетеді. Мұнараға бекітілген қоңырау ырғағына қарай сыңғырлап тұрады. Минар Жомбан деп аталатын егіз мұнараның бұл ерекшелігін кірпіштің құрамымен түсіндіргісі келетіндер бар. Енді біреулердің айтуынша, бағзыдағы инженерлер зілзалаға төтеп беруі үшін кірпіштердің арасына ағаш кесектерін төсеген.Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі хабарлайды.

0 пікір
Мұрағат