ИМАМ ҒАЗАЛИ. ШҮКІРДІҢ МӘНІ
ИМАМ ҒАЗАЛИ. ШҮКІРДІҢ МӘНІ
1 ай бұрын 1700 islam.kz/

Шүкір – жоғары мәртебелердің (мақамдардың) бірі. Ол сабырдан, қорқыныштан, зуһдтан (дүниеден безуден) және бұрын айтылған барлық мәртебелерден жоғары. Өйткені олардың (сабыр, қорқыныш, зуһд) өзі мақсат етілмейді, керісінше, басқа бір нәрсе үшін қалданады. Мысалы, сабыр нәпсіні жеңу үшін қолданылады. Қорқыныш – (адамды) көзделген мақтаулы мәртебелерге жетелейтін қамшы. Ал зуһд – Алла Тағаладан тосатын (алаңдататын) байланыстардан қашу.

Ал шүкірге келер болсақ, оның өзі мақсат етілген. Сондықтан ол Жәннатта да тоқтамайды. Жәннатта тәубе де, қорқыныш та, сабыр да, зуһd та жоқ. Ал шүкір Жәннатта мәңгі жалғасады. Сол себепті Алла Тағала былай деген: ﴿ وَآخِرُ دَعْوَاهُمْ أَنِ الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ(Мағынасы): «Олардың (Жәннаттағы) дұғаларының соңы: «Барлық мақтау-мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән!» (деу болады)» (Юнус сүресі, 10-аят). 

Мұны білу үшін, сен шүкірдің шын мәнін білуің керек. Ал ол білуден, халден (рухани күйден) және амалдан құралады.

Білуге келер болсақ: Ол – негіз. Осы негізден хал туындайды, ал хал амалды тудырады. Сондықтан оның (шүкірдің) үш негізі бар:

Біріншісі: Нығметті және нығмет берушіні білу

Білім арқылы барлық нығметтердің Алла Тағаладан екенін білесің. Жалғыз Өзі барлық нығметті беруші екенін, Одан басқа барлық дәнекерлердің (себептердің) бағынышты әрі Оның билігінде екенін білесің. Бұл (білім) – Тақдис (Алланы кемшіліктен пәк санау) және Таухидтің (Алланы бірлеудің) артында тұрған таным (мағрифат). Шын мәнінде, бұл екеуі иман танымдарының алғашқы сатысына кіреді. Тақдис...

...Содан соң Оның (Алланың) Өз затында қасиетті екенін, Оны қасиетті еткен (басқа) ешкім жоқ екенін білдің. Бұл – Таухид. Содан соң әлемдегі барлық нәрсе Жалғыз (Алладан) пайда болғанын, әрбір нығмет Оған тиесілі екенін білдің. Бұл – Хамд (мадақ).

Осы ретке Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мына сөзі ишарат етеді: «Кімде-кім: (Субханаллаһ / Алла пәк) десе, ... оған он жақсылық... Кімде-кім: (Лә иләһә иллаллаһ / Алладан басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ) десе, ... оған жиырма жақсылық... Ал кімде-кім: (Әлхамдулиллаһ / Аллаға мадақ) десе, ... оған отыз жақсылық (жазылады)...»1.

Ал тілдің қозғалысына (яғни, тілмен шүкір айтуға) келер болсақ: оның артықшылығы оның танымнан туындауына немесе жүректегі сенімді жаңартуына байланысты. Өйткені ауыз – ғапылдықты (бейқамдықты) кетіретін құрал, оның (ғапылдықтың) ізін өшіру үшін. Ал егер оған (сөзге) ғапылдық қосылса, оның (сөздің жақсы) әсері жойылады.

Білгін!

Егер сен өзіңе жеткен нығметте Алла Тағаладан басқаның да үлесі (араласуы) бар деп сенсең... сенің мадағың (хамд) дұрыс болмайды, танымың мен шүкірің толық болмайды.

Сен, тура бір патша оған шапан жауып, бірақ өзі «бұл сый-сияпатта немесе оның маған жетуінде, не оның жеңілдетілуінде уәзірдің де ықпалы бар» деп ойлайтын адам сияқты боласың. Мұның бәрі – нығметте ортақ қосу болып табылады, әрі нығметке деген қуанышың екеуінің (мысалдағыдай патша мен уәзірдің немесе Алла тағала мен себептің) арасында бөлініп кетеді!!

Иә, егер саған жеткен сый-сияпатты патшаның өз қолымен (қаламымен) жазған жарлығымен келгенін көрсең... бұл сенің шүкіріңді кемітпейді. Өйткені сен қаламның оған (патшаға) бағынышты екенін, оның өздігінен нығметке еш қатысы жоғын білесің. Сол себепті жүрегің қаламға қуануға не оған шүкір етуге жөнелмейді. Дәл сол сияқты, қазынашы мен өкілге де көңіл бөлмеуің мүмкін, егер сен олардың бұйрыққа бағынып сыйлықты беруге мәжбүр екенін, олардың бағынышты екенін, нығметте олардың өздігінен ешқандай үлесі жоқ екенін білсең.

Сол сияқты, кімнің көкірек көзі ашылса, ол Күн, Ай, жұлдыздар мен Жердің Алла Тағаланың әміріне бағынышты екенін біледі; тура патшаның жарлығына қол қоюда қалам, қағаз және сия сияқты...

Шүкірдің екінші тірегі. Білуден туындаған жай-күй.

Бұл нығмет берушіге бас ие отырып және оны ұлықтай отырып қуану. Мәселен, патшалардың бірі оған бір ат жіберді делік. Ол кісі оған үш жөннен қуанады:

  • Аты болғанға қуанады.

  • Патшаның назарында екендігіне – жағдайына қарайласып тұратындығына қуанады.

  • Патша оған бұдан да үлкен нәрсені береді деп қуанады немесе ат оған көлік болып, ол патшаның құзырына сол атпен барып, оған қызмет етемін деп қуануым мүмкін.

Осы үшеуінің біріншісі – шүкір емес, шүкірден еш бір нәрсе жоқ. Ол нығмет берушіге емес, нығметке қуану болып есептеледі.

Екіншісі – шүкірге кей нәрсесі жатады. Бірақ сонда да шүкірі үшінші жағдайға қарағанда әлсіз.

Шүкірліктің кемелдігі (толықтығы) ол - Алла Тағала ашқан (берген) нығметтерімен қуану. Бұл – нығметтің нығмет екеніне емес, керісінше, оның Аллаға жетуге құрал болғанына қуану. Себебі, Оның нығметімен салиқалы (жақсы) істер толық орындалады.

Мұның белгісі: Алла Тағаланы еске алудан алаңдататын кез келген нығметке қуанбау, керісінше Алла Тағала одан дүниенің және артық дүниелік жұмыстарын алып тастағанымен қуану. Бұл – шүкірліктің ең кемелдісі. Егер кімде-кім мұны жасай алмаса, екіншісіне ұмтылсын (жоғарыдағы үш қуанудың екіншісіне).

Ал біріншісі: нығмет берушіге қуану емес, нығметке қуану – мұнда шүкірліктен бір нәрсе жоқ.

Шүкірдің үшінші тірегі: Амал (Іс-әрекет).

Бұл – Оның (Алланың) нығметтерін Оған мойынсұнуда қолдану, күнәларда қолданбау.

Мұны тек Алла Тағаланың барлық жаратылысындағы даналығын білетін және барлық нәрсені не үшін жаратқанын түсінетін адам ғана істей алады. Бұл түсіндірменің мәні өте ұзақ, біз оның бір бөлігін «Әл-Ихия» [Әл-Ғазалидің «Ихия улум әд-Дин» кітабы] еңбегінде атап өткенбіз. Оны жалпылама түсіндірмесі:

Пенденің көздің өзі Алланың берген нығметі екендігін білуі. Оның шүкірі – берілген нығметтерді:

  • Алланың Кітабын қайталап оқуға (Құранды),

  • Ілім (білім) кітаптарын оқуға,

  • Аспандар мен жерді зерделеп, олардан ғибрат алуға,

  • Олардың Жаратушысын ұлықтауға қолдану,

  • Және мұсылмандардан көрген барлық кемшіліктен көзді жасыруға пайдалану.

Құлағын зікірді тыңдауға және Ақыретте өзіне пайда беретін нәрселерді естиді және бос сөз бен артық нәрселерді тыңдаудан аулақ болады.

Тілін Алла Тағаланы зікір етуге және шағымданбай шүкірлігін білдіруге пайдаланады. Кім жағдайы жайында сұралғанда, шағымданса, ол қарсы келгендік. Өйткені, патшалардың патшасын (Алланы) – еңштеңеге күші жетпейтін пендеге шағымдану болып есептеледі. Ал шүкір десе, ол Аллаға мойынсұнған саналады.

Ал жүректің шүкірлігіне келетін болсақ. Ол оны - ойлануға, зікір етуге, білуге, тануға, жаратылысқа жақсы ниетте болуға пайдалану (жүректің шүкірі). Сондай-ақ, қолдағы, аяқтағы және басқа да мүшелердегі және мал-мүліктегі шүкіршіліктер, және бұдан басқа да сансыз көп нәрселер бар.  

Шүкіршілігі азайса 

Ал кімге бұл (даналық) ашылмаса... ол Сүннетке ілесуге және Шариғат шекараларын сақтауға мән беруі керек, сонда оған шүкіршілік құпиялары ашылады. 

Және ол білсін: егер ол бөтен әйелге қараса, онысы көз нығметіне, күн нығметіне және оған қараумен толық орындалатын әрбір нығметке күпірлік еткен болады (шүкірсіздік еткен болады). Өйткені, көру қабілеті – көз нұры мен күн нұры арқылы жүзеге асады. Күн аспандармен толықтасады. Сондықтан, ол Алла Тағаланың аспандар мен жердегі нығметтеріне күпірлік еткендей болмақ. Осылай рбір күнәны салыстыра қара2...

1 Мұны Әбу Талиб әл-Макки «Қутул-қулуб» (1/205) кітабында келтірген. Ән-Насаи «әс-Сунән әл-Кубрада» (10608) осыған ұқсас хадисті Әбу Сағид әл-Худриден (Алла оған разы болсын) риуаят еткен. 
2 Имам Ғазали, «Әларбаъина фи усулиддин», атты кітабынан ықшамдап аударылды.

0 пікір