Тағдырдың ғылыми дәлелдемесі: Өткенге өкінбеу төңірегінде эксперимент
Тағдырдың ғылыми дәлелдемесі: Өткенге өкінбеу төңірегінде эксперимент
2 сағат бұрын 142 islam.kz/
Ася Гагиева

Тағдырға (жазмышқа) сену – Иманның басты тіректерінің бірі. Тағдыр сенімінің түпкі идеясы бойынша, болашақ қазіргі сәтті нақтылайды, керісінше емес. Яғни, мен X әрекетін жасаймын, ол кейін У нәтижесін тудырады. Бірақ У нәтижесі менің X әрекетін жасауыма себеп болуы мүмкін бе?

Ғалымдар бұл мәселені өткен ғасырдың екінші жартысында зерттей бастады. Осындай бір қорытындыға келген зерттеушілердің бірі – нейрофизиолог Бенджамин Либит еді.

Либит эксперименті: ми әрекеті санадан бұрын

Профессор Либит миы ашық, бірақ ауырсынуды басатын дәрінің әсерімен ояу жатқан адамдардың реакцияларын зерттеген еді.

  • Ол шынашақты (мизинец) тітіркендіріп, сол сәтте белсенді болатын ми аймағын бақылады.

  • Керісінше де істеп көрді: шынашақпен «байланысқан» ми аймағын тітіркендіріп, реакция жылдамдығын өлшеді.

Бірнеше рет қайталаса да нәтиже бір болды: адам өз ниеті мен әрекетін сезініп, түсінгенге дейін ми жасушалары белсенді болады. Яғни, адам уақыттан «кешігіп» қалатын сияқты, дәлірек айтқанда алдымен әрекет етеді, содан кейін ғана оны ұғынады. Осылайша, адам өзінен «артта қалатын» сынайлы.

Дю Сотойдың Тәжірибесі: Еркін таңдаудың сыртында

Тағы бір қызықты экспериментті профессор Маркус дю Сотой жүргізді. Ол «Мен деген не?» атты деректі фильмнің басты кейіпкері болып, ғылыми тәжірибеге қатысты. Нәтижелер оны таңғалдырды және өзінің барлық «саналы түрде қабылдаған» шешімдеріне басқаша қарауға тура келді.

«Меніңше, адамдар шешім қабылдау қабілеттерін мақтан тұтады, - дейді Сотой. - Еркін ерік дегенім – мен мұны немесе оны алуды, мұны немесе оны істеуді шеше аламын деген сөз. Бірақ менің шешімдерім үшін не жауапты – менің саналы Менім бе, әлде мен бақылай алмайтын сұр заттың (мидың) бейсаналық массасы ма?»

Эксперимент қарапайым еді:

  • Профессорды миының белсенділігін қадағалауға болатын аппаратқа орналастырды.
  • Ол екі түйменің бірін таңдап, басуы керек болды.
  • Тәжірибе аяқталған соң, ол күтпеген жаңалық естіді.

Экспериментті бақылаушы әріптестері оған мынадай таңқаларлық жаңалықты айтқан еді: «Сіздің жағдайыңызда біз сіздің шешіміңізді сіз оны қабылдағанға дейін алты секунд бұрын болжай алдық. Шешімдер бейсаналық белсенділік арқылы анықталды, ал сана өте кеш сәтте ғана қосылды».

Басқаша айтқанда, сіз жасаған әрекет өзіңіз оны дәл солай істегіңіз келгенін түсінгеніңізге дейін алты секунд бұрын қабылданып қойған.

«Бұл тәжірибе маған «Мен» деген не екенін түсінуге көмектесті, - дейді дю Сотой. - Бұл күрделі ми белсенділігінің соңғы кезеңі ғана. Мен оның көп бөлігі туралы ештеңе білмеймін, ал мен түсінетін сол бір кішкентай бөлігін біз «Мен» деп атаймыз».

Ресей ғалымдарының дәлелдері

Бұл тұжырымдарды ресейлік ғалымдар да растайды. Мысалы, доктор Д. Шаменков:

«Біз әр минут сайын әрекет етеміз. Бірақ біздің не істегеніміз бен оны істегенімізді түсінгеніміздің арасында белгілі бір аралық бар. Бұл аралық әртүрлі зерттеушілердің деректері бойынша 50 мс-тан 500 мс-қа дейін өзгереді. Мысалы, мен бірдеңе айттым, қолымды қозғадым, бірақ мен бұл қозғалысты жасағанымды тек оны жасап болғаннан кейін ғана түсінемін. Яғни, менің локалды «Менім», менің кішкентай «Менім» бұл қозғалысты жасағанымды тек қозғалысты жасағаннан кейін 250 мс-тан соң ғана түсінген» дейді ол.

Демек, біз шешімдерімізге әсер ете алмаймыз ба?

Иә, әсер етудің басым бөлігі бізге қолжетімсіз, өйткені біз мидың бейсаналық белсенділігінің 95%-ын бақылай алмаймыз.

Бірақ! Қолымызда қалған 5% бар екенін ұмытпауымыз керек. Біз осы 5%-ды жаңа шешімдер қабылдау үшін пайдалана аламыз. Бұл 5% «кері бағытта» да әсер ете алады. Бұл факт Құранда айтылғанға қайшы келмейді:

«Расында, Алла Тағала бір қауымның жағдайын, олар өздерін өзгертпейінше өзгертпейді» (Рағд сүресі, 11-аят).

Өткенге өкінбеудің ғылыми астары

Бұл ғылыми жаңалықтар Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өткенге өкінуден сақтандыруының негізін де түсінуге көмектеседі. Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

«...Ал егер басыңа бір нәрсе келсе: «әтеген-ай, егер мен олай істесем, бұлай болар еді!» – деп айтпа, керісінше: «бұл Алланың алдын ала белгілегені, Ол қалағанын істеді» – деп айт!. Өйткені «егер, егер» деген сөз шайтанның істеріне жол ашады» -деген. («Сахих Мүслім»).

Ғылым енді ғана дәлелдеп жатқан ақиқат – біздің әрекеттеріміздің басым бөлігі саналы таңдауымыздан бұрын бейсаналық деңгейде қабылданады. Сондықтан, болып кеткен іс-әрекеттерге өкініп, «егер» деп айтудың мәні жоқ, өйткені ол әрекеттердің түпкі бастауы біздің санамызға әлі жетпеген кезде іске асып қойған. Бұл тек шайтанның уайымға және күмәнға салуына жол ашады. Дұрысы – Алланың қалауына сеніп, қазіргі сәттегі 5% мүмкіндігіңді пайдаланып, өткеннен сабақ ала отырып, «жазмыштан озмыш жоқ, бәлки маған қайырлысы осы болар» деп, алға қарай жақсы шешімдер қабылдауға ұмтылған жөн.


islam-today ru/ (орыс тілінен аударылды)

 

0 пікір