Сәл­би си­пат­та­ры
Сәл­би си­пат­та­ры
9 жыл бұрын 3699
Қайрат Жолдыбайұлы

Бұл си­пат­тар тек қа­на Алла Та­ға­ла­ға тиесі­лі, Одан бас­қа еш­кім бұл си­пат­тар­мен си­пат­тал­май­ды. Жа­ра­ты­лыс­та бұл си­пат­тар­дың қа­ра­ма-қай­шы­ла­ры бар. Сәл­би си­пат­тар бе­сеу.

 

1. Әл-Қи­дам.

Алла Тағаланың бар­ болуы­ның бастауы жоқ де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Бұл си­пат Алла Та­ға­ла­ның әзә­ли екен­ді­гін, яғ­ни, Ұлы Ие­міз­дің бар­лығының алдында еш­қа­шан жоқ­тық бол­ма­ған­ды­ғын біл­ді­ре­ді. Оның бар бол­ма­ған еш­бір за­ман, уақыт тіп­ті бір ме­зет жоқ. За­ман, уа­қыт де­ген тү­сі­нік­ті Ол өзі жа­рат­қан. Өйтке­ні Алладан бас­қа­ның бә­рі кейін­нен пай­да бо­лып, Оның шек­сіз құ­ді­ре­ті мен бө­гет­сіз қалауы ар­қы­лы тір­ші­лік бе­ті­не шық­қан. Иә, Алла Тағаланың бар болуы­ның бастауы жоқ. Керісінше Ол – кейін­нен жаратылған бар­лық жа­ра­ты­лыс­тың жал­ғыз бастауы. Қидам си­па­ты­на қай­шы мағынада келетін «худус» сипаты, яғ­ни, кейін­нен пай­да бо­лу – Ұлы Жа­ра­ту­шы үшін әсте мүм­кін емес. Се­бе­бі Алла Та­ға­ла­ның өзі кейін­нен пай­да бол­са, Оны жарат­қан бі­реу бо­лу­ға, оны жа­рат­қан­ды жа­рат­қан та­ғы біреу бо­лу­ға тиіс. Осы­лай­ша шын­жыр­ла­нып ке­те бе­ре­тін еді. Ал бұ­лай ке­те бе­ру мүм­кін емес әрі қисынға да қайшы.

 

2. Әл-Бә­қаа.

Бар болуы­ның со­ңы, ақы­ры жоқ – мәң­гі де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Бұл си­пат Алла Та­ға­ла­ның мәң­гі екен­ді­гі­нің, яғ­ни, бар­лы­ғы­ның со­ңы, ақы­ры жоқ екен­ді­гін біл­ді­ре­тін си­пат. Алла Та­ға­ла әзә­ли яғ­ни, бар­лы­ғы­ның бастауы бол­ма­ға­ны се­кіл­ді со­ңы да жоқ мәң­гі. Сон­дық­тан Оның жоқ бо­ла­тын еш­бір уа­қыт, еш­бір за­ман, тіп­ті еш­бір ме­зет бо­луы мүм­кін емес.

Бар­лық жа­ра­ты­лыс­тың бел­гі­лі бір уа­қыт­тан кейін жоқ бо­лып, көз ал­ды­мыз­дан ке­туі – олар­ды жоқ ет­кен Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың мәң­гі­лі­гі­нің бел­гі­сі.

 

3. Әл-Уәх­да­ния.

Бұл си­пат «бі­реу, жал­ғыз, да­ра» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Алла Та­ға­ла за­тын­да, бар­лық си­пат­та­ры мен істе­рін­де жал­ғыз, бі­реу. Оның ор­та­ғы, се­рі­гі, тең­де­сі жоқ. Ұлы Алла кө­беюден, азаю­дан, бі­рі­гу­ден, бө­лі­ну­ден, ажы­раудан пәк. Өйтке­ні бұ­ның бә­рі кейін­нен жа­ра­тыл­ған­дар­дың ерек­ше­лік­те­рі. Алла Та­ға­ла бұн­дай нұқ­сан, кем­ші­лік си­пат­тар­дан пәк әрі жо­ға­ры. Күллі жа­ра­ты­лыс­та­ғы бар­лық жа­ра­ту, ті­ріл­ту, өл­ті­ру, ры­зық бе­ру сияқты т.б. іс­тер­дің не­гіз­гі болдырушы се­бе­бі, яғ­ни, се­беп­тер­дің се­бе­бі – еш тең­де­сі жоқ Ұлы Алланың Өзі ға­на.

  • Жал­пы әлем­нің, ондағы әр­бір нәр­се­нің бір-бі­рі­мен ты­ғыз бай­ла­ныс­та бо­луы – Жа­ра­ту­шы­ның бір екен­ді­гі­нің бел­гі­сі. Мы­са­лы, бір ға­на ал­ма­ны жа­ра­ту үшін жал­пы әлем­ді жа­ра­та ала­тындай  күш-құ­ді­рет ке­рек. Де­мек, ал­ма­ны кім жа­рат­са, оған ке­рек­ті то­пы­рақ­ты, то­пы­рақ­та­ғы ми­не­рал­дар­ды жә­не Жер­ден бір­не­ше есе үл­кен Күн­ді, ауаны, су­ды да жа­рат­қан – Сол Алла бо­лу­ға тиіс. Күн­ді кім жа­рат­са, Күн жүйе­сін­де­гі оған бай­лау­лы бү­тін жұл­дыз­дар­ды да жа­рат­қан – Сол. Күн­ді кім жа­рат­са, көзі­міз­ді де жа­рат­қан – Сол бо­лу­ға тиіс. Се­бе­бі, көз­ді жа­ра­тып, жа­рық­ты жа­рат­па­са, кө­зі­міз кө­ре ал­мас еді ғой. Егер көз клет­ка­ла­ры­ның атом­да­ры Күн сәуле­сі­не үй­ле­сім­ді етіп жа­ра­тыл­ма­ған­да, кө­зі­міз еш ақау­сыз кө­ре алар ма еді? Мы­на әлем­де­гі бар­лық же­міс-жи­дек­тер­ге әр түр­лі дәм­ді кім бер­се, адам­ды жа­ра­тып, оған сол дәм­ді та­ту үшін дәм та­ту қа­бі­ле­тін де бер­ген – Сол. Ер адам­ды кім жа­рат­са, оған үй­ле­сім­ді етіп, бей­не бір ми­нус пен плюс іс­пет­ті бір-бі­рін то­лық­ты­ра­тын кейіп­те әйел за­тын жарат­қан да Сол бір Алла бо­луы лә­зім.

Иә, жал­пы ға­лам, ондағы әр­бір нәр­се бір адам­ның де­не­сін­де­гі ағ­за­лар­дай бір-бі­рі­мен ты­ғыз бай­ла­ныс­та болып, бір кі­сі­дей әре­кет ету­де. Тіп­ті олардың бі­реуі­нің ақау келті­руі бас­қа­лар­ға әсер ете­ді. Ен­де­ше, бұ­лар­дың бар­лы­ғын жа­рат­қан жә­не бас­қа­рып, ба­қы­лап тұр­ған құ­ді­рет­ті Жа­ра­ту­шы – бі­реу.

  • Әрі күл­лі жа­ра­ты­лыс­та­ғы ұқ­сас­тық бір Жа­ра­ту­шы­ның құ­ді­ре­ті­нен шық­қан­ды­ғы­на дә­лел. Мы­са­лы, бар­лық адам­дар­дың, жан-жа­ну­ар­дың ағ­за­ла­ры­ның ұқ­сас­ты­ғы жә­не атом­ның ай­на­ла­сын­да­ғы элект­рон­дар мен Күн жүйесі­нің ұқ­сас­ты­ғы се­кіл­ді сан­сыз ұқ­сас­тық­тар – бәрінің де жа­ра­ту­шы­сы  бір екен­ді­гін біл­ді­ре­ді.
  • Әлем­де­гі тең­дес­сіз де үй­ле­сім­ді таң­ға­жай­ып жүйе олардың Жа­ра­ту­шы­сы­ның бір екен­ді­гін тай­ға таң­ба бас­қан­дай айқын біл­ді­ре­ді. Егер Алладан бас­қа тә­ңір­лер бол­ған жағ­дай­да, әлем­де­гі бұл ке­ре­мет жүйе­нің тас-тал­қа­ны шы­ғар еді. Мы­са­лы, бір тә­ңір Күн­нің Жер­ді ай­на­лу­ын қа­ла­са, екін­ші бі­рі Жер­дің Күн­ді ай­на­лу­ын қа­лауы мүм­кін. Ал екеуі­нің де қа­лауы бір уа­қыт­та жү­зе­ге асуы мүм­кін бол­ма­ған­дық­тан, мы­на әлем­де­гі жүйе, те­пе-тең­дік бұ­зы­лар еді. Құ­ран­да бұл ақи­қат бы­лай деп баян­да­ла­ды: ﴿لَوْ كَانَ فِيهِمَا آلِهَةٌ إِلَّا اللَّهُ لَفَسَدَتَا﴾ «Егер жер мен көк­те Алладан бас­қа тә­ңір­лер бол­ған­да жер мен көк тас-тал­қан болып бұ­зы­лар еді».[1]

Егер тә­ңір­лер­дің екеуі де бір­дей бір қа­лауда то­ғы­сып, ке­лі­се­ді де­лін­се, он­да екеуі де қа­лаула­ры шек­ті, бір-бір­ле­рі­нің қа­лауы­нан тыс әре­кет ете ал­май­тын жә­не бір-бі­рі­не тәуел­ді әрі әр қа­ла­ғанын іс­тей ал­май­тын әл­сіз бол­мақ. Ал әр қа­ла­ға­нын іс­тей ал­май­тын әл­сіз, қа­лауы бас­қа­лар­ға тәуел­ді нәрсе еш­қа­шан Алла бо­ла ал­май­ды.

  • Бір мек­теп­те екі ди­рек­тор, бір қа­ла­да екі әкім, бір мем­ле­кет­те екі пре­зи­дент бо­луы мүм­кін емес. Өйтке­ні еш­кім өзі­нің ісі­не бас­қа­ның ара­ла­су­ын, екін­ші бір ор­тақ­ты қа­ла­май­ды. Қа­лауы мен күш-қуаты шектеу­лі адам баласының өзінде осы­лай бо­лып жат­са, күллі ға­лам­ның жаратушысы Алла Тағала өзі­нің сал­та­нат­ты пат­ша­лы­ғы­на, тең­дес­сіз құзіретіне бас­қа бі­реудің ара­ла­су­ын қа­лай ма? Әл­бет­те, қа­ла­май­ды. Се­бе­бі, шы­найы Алла, на­ғыз пат­ша­лық бас­қа­­ның бұй­ры­ғы­на бас имей­ді, өзгенің ине­нің жа­су­ын­дай араласуын қа­ла­май­ды. Еш­бір ор­тақ пен се­рік­ті қа­был­да­май­ды.

 

4. Әл-Му­ха­ла­фа­тул лил-­хауа­дис.

Кейін­нен пай­да бол­ған­дар­ға еш ұқ­са­мау де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Бұл си­пат – Алла Та­ға­ла­ның кейін­нен жа­ра­тыл­ған­дар­дың еш­қай­сы­сы­на мүлдем ұқ­са­май­тын­ды­ғын неме­се еш­бір нәр­се­нің Оған ұқ­са­май­тын­ды­ғын біл­ді­ре­тін си­пат.

Алла Та­ға­ла­дан өз­ге бар­лық нәр­се­нің, күл­лі жа­ра­ты­лыс­тың бастауы жә­не со­ңы бар. Ұлы Жа­ра­ту­шы­дан бас­қа­ның бә­рі кейін­нен пай­да бол­ған. Мі­не, Алла Та­ға­ла осы кейін­нен пай­да бол­ған­дар­дың еш­қай­сы­сы­на ұқ­са­май­ды. Әрі олар­дан бө­лек, өз­ге­ше. Сон­дық­тан ғұ­ла­ма­лар: «Ақыл­ға, қиялы­мыз­ға, ой­лау ке­ңіс­ті­гі­міз­ге қан­дай нәр­се­ні пай­ым­да­сақ та Алла Та­ға­ла одан бас­қа, әрі өз­ге­ше», – деп Хақ Та­ға­ла­ның еш нәр­се­ге ұқ­са­май­тын­ды­ғы­на на­за­ры­мыз­ды ау­дар­ған. Өйтке­ні бар­лық нәр­се Алла та­ра­пы­нан кейін­нен жа­ра­тыл­ған. Ал жа­ра­тыл­ған нәр­се де­не, түр, уа­қыт, ме­кен сияқ­ты ерек­ше­лік­тер­ге тәуелді бол­ған­дық­тан үнемі өз­ге­ре­ді, ауыса­ды жә­не бір-бі­рі­не ұқ­сай­ды. Со­ңын­да бә­рі жоқ­тық­қа, пә­ни­лік­ке бас иеді.

Иә, жа­ра­тыл­ған­дар көп­те­ген нәр­се­ге мұқ­таж. Олар өз ерекшеліктеріне қа­рай туып-өсу­ге, за­ман мен ме­кен­ге, ішіп-жеуге, тоқтау­ға жә­не қоз­ға­лыс­қа, оты­рып-тұ­ру­ға, қуа­нып-қай­ғы­ру­ға, шар­шауға, дем алу­ға мұқ­таж. Ал Ұлы Алла Та­ға­ла бұ­лар­дың еш­қай­сы­сы­на мұқ­таж емес. Ке­рі­сін­ше, бә­рі Оған мұқ­таж. Өйтке­ні жа­ра­ты­лыс­тың еш­қай­сы­сы жоқ кез­де де Ол бар еді. Өйтке­ні Алла Та­ға­ла­ның бар­лы­ғы­ның бастауы жоқ – әзә­ли, со­ңы жоқ – мәң­гі. Алла Та­ға­ла­ның еш тең­де­сі жоқ әрі шек­сіз бол­ға­ндықтан біз­дер Оны то­лық тү­сі­не ал­май­мыз. Се­бе­бі, біз кез кел­ген нәр­се­ні көр­ген, біл­ген нәр­се­міз­ге са­лыс­ты­ру ар­қы­лы ға­на тү­сі­не бі­ле­міз. Алла Та­ға­ла Құ­ран­да:

﴿ لَيْسَ كَمِثْلِهِ شَيْءٌُ﴾﴿وَلَمْ يَكُن لَّهُ كُفُواً أَحَدٌ﴾

«Оның еш ұқ­са­сы жоқ».[2] «Оның еш тең­де­сі жоқ»[3] – дей­ді.

 

5. Қиям би нәф­си­һи.

Бар бо­лу үшін бас­қа бі­реуге мұқ­таж бол­мау де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Алла Тағала бар бо­лу үшін бас­қа бір жа­ра­ту­шы­ға ­яки, бел­гі­лі бір ме­кен­ге, ар­найы бір уа­қыт­қа, жал­пы се­беп­ке мұқ­таж емес. Егер Алла да бар бо­луы үшін бас­қа бір се­беп­ке мұқ­таж бол­са, жа­ра­ту­шы емес жа­ра­тыл­ған бо­лар еді. Ал Хақ Та­ға­ла­ның жа­ра­ту­шы һәм жара­тыл­ған бо­луы ақыл­ға те­ріс. Алланың бар бо­луы сырт­тан бас­қа бір күш­тің жа­ра­туы ар­қы­лы емес. Өйтке­ні Оның бар­лы­ғы­ның бастауы жоқ, яғ­ни, кейін­нен пай­да бол­ма­ған − Әзә­ли.

Алла Та­ға­ла еш нәр­се­ге мұқ­таж емес. Ке­рі­сін­ше күл­лі жа­ра­ты­лыс Алла Та­ға­ла­ға мұқ­таж. Егер Алла Та­ға­ла мы­на ұшы-қиыры жоқ әлем­нен бір ме­зет бай­ла­ны­сын үз­се, күл­лі жа­ра­ты­лыс быт-шыт бо­лып тарыдай ша­шы­лып, әлем­де­гі жал­пы жүйе бұ­зы­лар еді.

Алла Та­ға­ла «Фа­тыр» сү­ре­сін­де бы­лай дей­ді:

﴿ يَا أَيُّهَا النَّاسُ أَنتُمُ الْفُقَرَاء إِلَى اللَّهِ وَاللَّهُ هُوَ الْغَنِيُّالْحَمِيدُ

«Ей, адам­дар, Аллаға мұқ­таж бол­ған сен­дер­сің­дер. Ал еш­кім­ге мұқ­таж емес, әрі күллі мақтау­ға лай­ық тек Алла ға­на».

[1] Әнбия сү­ре­сі/22.

[2] Шу­ра сү­ре­сі/11

[3] Ықы­лас сү­ре­сі/4.

0 пікір