Жер шарының өз-өзін және Күнді айналуынан күндіз бен түн және жылдың төрт мезгілі жаз, күз, қыс, көктем болып алма-кезек үздіксіз өзгеріп тұратыны бәрімізге мәлім. Жаздың қайнаған аптап ыстығынан кейін дереу қыстың қақаған аязы мен ысқырған бораны болмайды. Екі мезгілдің ортасында күз атты қоңыр салқын мезгіл бар. Міне, осы күз мезгілінің арқасында адамдардың жаздың жылы ауа-райына үйреніп қалған ағзалары біртіндеп қыстың қақаған суығына бой үйретеді. Сол сияқты қыстың қақаған аязынан кейін ауа райы күрт өзгеріп, дереу көктемсіз жаз болғанда қандай күйде болар едік? Бәлкім, ағзаларымыз күрт өзгеріске дайын болмағандықтан бәріміз жаппай ауруға шалдығар ма едік? Ендеше, жыл мезгілдеріндегі осындай керемет рет пен үйлесімдікті және Жер шарының айналуындағы дәлме-дәл есепті қойған кім?
Өзекті мақалалар
■
«Алла елшісі (с.а.у.) Ораза айт намазына шығарда міндетті түрде бірнеше құрма жеп шығатын...» (Хадис тағылымы).
■
Ер азаматтың үй тірлігіне жәрдемдесуі - Пайғамбарлық өнеге
■
Шаңырақтан шырай кетпесін десеңіз: Отбасындағы салқындықтан арылудың жолдары
■
Ибн Рушд: Төрт қала (биліктің түрлері)
■
Жеңіс пен Үстемдіктің кілті — Мұсылманның бірлігі мен бауырластығы