Та­был­ған дүние, байлыққа жо­ғал­ған жыл­да­ры үшін зе­кет бе­рі­ле ме?
Та­был­ған дүние, байлыққа жо­ғал­ған жыл­да­ры үшін зе­кет бе­рі­ле ме?
9 жыл бұрын 3376
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Жо­ға­лып, қайта та­был­ған дүние, байлыққа жо­ғал­ған жыл­да­ры үшін зе­кет бе­ріл­мейді. Пай­ғам­ба­ры­мыз ха­ди­сін­де бы­лай де­ген: «Ди­мар мал­ға зе­кет бе­ріл­мейді».[1]Ди­мар мал де­ге­ні­міз: иелі­гін­де бо­ла тұ­ра қайта қай­тып, қо­лы­на тиюі үміт етіл­ме­ген зат, байлық, яғ­ни, иелі­гін­де бо­ла тұ­ра қол­да­ны­луы мүм­кін емес дүние.

 

Зе­кет­тің дұ­рыс орын­да­луы үшін қо­сыл­ған шар­ттар

1. Ниет

Жал­пы ғи­ба­дат­тар сияқ­ты зе­кет ғи­ба­да­тын­да да ниет ету шарт. Зе­кет­ті бас­қа нә­піл са­да­қа­лар­дан ерек­ше­лен­ді­ре­тін де осы ниет еке­ні сөз­сіз.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) ха­ди­сін­де бы­лай де­ген: «Бар­лық амал­дар ниет­ке байла­ныс­ты».[2] Зе­кет есе­сін ке­дей­лер­ге бер­ген уа­қыт­та не­ме­се зе­кет есе­сін бөл­ген уа­қыт­та бұ­ның зе­кет екен­ді­гін жү­ре­гі­мен ниет ету ке­рек­ті­гі ту­ра­лы төрт мәз­һаб ға­лым­да­ры бір көз­қа­рас­та. Тіл­мен ниет ету шарт емес. Ке­дейге зе­кет бе­ру ниеті­мен бір нәр­се бер­ген уа­қыт­та кө­ңі­лі­не кел­мес үшін бұл са­ған бер­ген сыйлы­ғы­мыз деп, тап­сыр­са зе­кет­тің дұ­рыс­ты­ғы­на еш зиян кел­тір­мейді.

Зе­кет бе­ріл­ген адам да өзі­не тап­сы­рыл­ған зе­кет­тің зе­кет еке­нін бі­ліп-біл­меуі ма­ңыз­ды емес. Бас­қа мұ­сыл­ман­дар­ға үл­гі бо­лу үшін зе­кет­ті жа­рия түр­де бер­ген жөн.

Бір нәр­се­ні ке­дейге бер­ген уа­қыт­та зе­кет ниеті­мен бер­мей, со­сын ба­рып бе­ріл­ген зат жыл­дық зе­ке­тім­нің ор­ны­на жү­ре бер­сін деп ниет ет­кен жағ­дайда, бер­ген нәр­се­сі әлі жұм­сал­май ке­дей­дің қо­лын­да бол­са, зе­ке­ті ре­тін­де қа­был­да­на­ды. Ал, егер жұм­са­лып кет­се, қайта зе­кет бе­руіне ту­ра ке­ле­ді.

Бір адам зе­кет есе­сін бө­ліп қой­ған­нан кейін жо­ға­лып, ұр­ла­нып не­ме­се бас­қа бір жағ­дай­мен жойы­лып кет­се, зе­кет па­ры­зы мойны­нан түс­пейді. Өйтке­ні, зе­кет есе­сі – ке­дей­лер­ге ие­лен­ді­ру ар­қы­лы бе­ріл­ген жағ­дайда ға­на зе­кет ре­тін­де қа­был­да­на­ды.

Бір адам зе­кет­ті ниет ет­пей ан­да-сан­да ке­дей­лер­ге бір нәр­се­лер бе­ріп тұр­са, зе­кет па­ры­зы мойны­нан түс­пейді.

Зе­кет тек қа­на Аллаһ ри­за­шы­лы­ғы үшін бе­рі­луі тиіс. Зе­кет­ті адам­дар­ға көр­се­ту үшін не­ме­се мақ­та­ну үшін бе­ру­ге бол­майды. Бер­ген зе­ке­тін мін­дет­сіп, паң­да­на­тын­дар­дың зе­ке­ті Аллаһ­тың ал­дын­да қа­был бол­майды.

«Ей, иман ет­кен­дер! Аллаһ­қа жә­не ақы­рет кү­ні­не сен­бес­тен, тек қа­на адам­дар­ға (мақ­та­нып,) көр­се­ту үшін мал жұм­са­ған адам­дар­ға ұқ­сап, бер­ген са­да­қа­ла­рың­ды (бе­ріл­ген адам­ға) мін­дет­сіп, рен­жі­ту ар­қы­лы бұз­баң­дар! Оның (бер­ген са­да­қа­сын мін­дет­сіп, бер­ген адам­дар­ды рен­жіт­кен­де­рің) мы­са­лы, үс­тін­де то­пы­ра­ғы бар тайға­нақ тас сияқ­ты, оған нө­сер жауа қал­са (то­пы­ра­ғын шайып), құр тас күйін­де қал­ды­ра­ды. Бұн­дай адам­дар іс­те­ген еш­бір іс­те­рі­нің сауабы мен қа­ры­мын ала ал­майды. Аллаһ қар­сы кел­ген ел­ді ту­ра жол­ға сал­майды».[3]

 

2. Ие­лен­ді­ру (там­лик)

Зе­кет ғи­ба­да­ты­ның дұ­рыс бо­луы­ның та­ғы бір шар­ты – зе­кет есе­сін Құ­ран­да бел­гі­лен­ген адам­дар­ға ие­лен­ді­ру ар­қы­лы бе­ру. Сон­дық­тан дас­тар­қан жайып, ке­дей­лер­ге та­мақ бе­ру зе­кет емес, жай ға­на са­да­қа ре­тін­де есеп­те­ле­ді. Өйтке­ні, та­мақ­тан­ды­ру ке­дей­лер­дің та­мақ жеуле­рі­не рұқ­сат қа­на бо­лып, ие­лен­ді­ру деп есеп­тел­мейді.



[1] Малик Муатта, 18.

[2] Муслим, Имара, 155. Бухари, Бәдул – Уахи,1.

[3] Бақара, 2/264-аят.

0 пікір