АС ҚОРЫТУДЫ ЖАҚСАРТАТЫН СҮННЕТТЕГІ 7 ЕРЕЖЕ
АС ҚОРЫТУДЫ ЖАҚСАРТАТЫН СҮННЕТТЕГІ 7 ЕРЕЖЕ
18 сағат бұрын 840
islam.kz

Дұрыс тамақтану – денсаулығымыздың кепілі. Бүгінде кең таралған ас қорытудағы проблемалар – тамақ ішу процесіндегі қателіктердің салдары. Біз оқырмандардың назарына асқазан-ішек жолдарындағы мәселелерді болдырмауға көмектесетін Пайғамбарымыздың сүннетіндегі бірқатар кеңестерді ұсынамыз.

1. Қарныңыз ашқанда ғана тамаққа кірісіңіз.

Тамақтануды тек қатты аштық сезімін сезінген кезде бастаңыз.

2. Тамақтану алдында және кейін қолды жуу.

Хадисте былай делінген: «Тамақтың берекесі – тамақтың алдында және тамақтан кейін қолды жууда» (ат-Тирмизи).

3. Тамақты «Бисмиллә» деп бастау.

Егер біреу мұны ұмытып кетсе, Әбу Дәуд, ат-Тирмизи және әл-Хаким риуаят еткен хадисте айтылғандай: «Бисмилләһи 'алә әууәлиһи уә ахириһи» («Басынан аяғына дейін Алланың атымен») деп айтуы керек.

4. Тамақтануды тұзбен бастау.

Тамақты тұз жеумен бастау және оны тамақ соңында да қолдану ұсынылады. Хадисте былай айтылған: «Дәмдеуіштердің ең жақсысы – тұз» (Ибн Мажа, ат-Табарани). Имам әл-Байһақи «Шу'аб әл-иман» кітабында сахаба Әлидің (р.а.) сөзін жеткізеді: «Кімде-кім тамақты тұзбен бастаса, Алла оны жетпіс түрлі аурудан тазартады» делінген.

5. Асықпай тамақтану, асты мұқият шайнау, оны кішкене-кішкене үзіммен жеу.

Пайғамбарымыз () атап өткен: «Суды сорып ішіңдер, оны ішке құя салмаңдар, өйткені бауыр ауруы қомағайлана (бір деммем) ішуден болады» (Имам Муслим және ат-Тирмизи).

6. Артық тамақтанбау!

Хадисте былай делінген: «Адам бала толтыратын ыдыстың ең жаманы – оның асқазаны. Күш-қуатты сақтау үшін қажетті мөлшерде жеу жеткілікті. Егер бұл тым аз болса, онда: үштен бірі – тамаққа, үштен бірі – сусынға және үштен бірі – тыныс алуға (бөлу керек)» (Имам Ахмад, Ибн Мажа, ат-Тирмизи және т.б.).

7. Тамақтану соңында «Әлхамдулилләһ» деп, Раббыға мадақ айту.

Алла елшісі () айтқан: «Шындығында, Алла Тағала адам тамақ жеген сайын немесе сусын ішкен сайын оған шүкіршілік білдіргенін жақсы көреді» (Имам Ахмад, Ибн Мажа, ат-Тирмизи және ан-Насаи)1.

1Islam.ru, орыс тілінде.

0 пікір