Бауырдың майлануын емдеуге көмектесетін 10 түрлі ас
Бауырдың майлануын емдеуге көмектесетін 10 түрлі ас
17 күн бұрын 1472 islam.kz/
islam.kz

Бауырдың майлануы — бауыр жасушаларының арасында артық май жиналып қалатын дерт болып саналады. Бұл көбіне семіздіктен немесе дұрыс емес өмір салтынан пайда болады. Ал алкогольге қатысы жоқ майлы бауыр ауруы (НAFLD) – дер кезінде емдемесе, қабынуға немесе бауырдың қатты зақымдануына (фиброз, цирроз) алып келуі мүмкін. Қауіпті жағдай.

Дегенмен, дұрыс тамақтанып, дене белсенділігін жүргізсе және қажет болса дәрі-дәрмекпен емделсе, онымен бірге кейбір пайдалы тағамдарды тұтынса, бауырдағы майдың азаюына және оның қызметін жақсарту мүмкіндігі бар.

Times of India басылымының жазған жазбасында, Гарвард университетінде білім алған гастроэнтеролог доктор Сураб Сетхи бауырды қалпына келтіру жолында дұрыс тағамды таңдаудың өте маңызды рөл атқаратынын айтады. Оның ұсыныстарына сүйенсек, бауырға ерекше пайдалы он түрлі тағам бар екен, олар төмендегідей: 

1. Жаңғақ (грек жаңғағы)

Жаңғақ — бауыр майлануына қарсы ең пайдалы жаңғақтардың бірі. Оның құрамында омега-3 және омега-6 май қышқылдары, сондай-ақ күшті антиоксиданттар бар. Зерттеулерге қарағанда, жаңғақты үнемі пайдалану бауырдағы майды азайтып, оның жұмысын жақсартады және зат алмасуын қамтамасыз етеді.

الكبد الدهني (آيستوك)

2. Таза, бірінші сығымды зәйтүн майы (Extra Virgin)

Зәйтүн майының құрамындағы пайдалы майлар мен антиоксиданттар бауырға ерекше оңды әсерін тигізеді. Көптеген ғылыми еңбектер оны бауыр майлануының төмендеуіне, қабынудың азаюына және инсулинге сезімталдықтың жақсаруы­на пайдасын атап өтеді. Сондай-ақ, бауыр жасушаларын зақымданудан қорғайды екен.

الكبد الدهني (آيستوك)

3. Темпе (tempeh)

Соядан жасалатын тофу мен темпе — өсімдіктен алынатын ең сапалы ақуыз көздерінің бірі. Зерттеулер соя протеиндерінің бауырда майдың жиналуын азайтып, заттың алмасуына жауапты ферменттерді белсенді қылатынын көрсетеді.

الكبد الدهني (آيستوك)

4. Сарымсақ

Әрбір сарымсақ түйірінде артық майды азайтуға және ағзадағы уыттарды шығару жолдарын жақсартуға әсер ететін өсімдік қоспалары бар. Бірқатар зерттеулер сарымсақтың бауыр ферменттерін төмендетіп, қабынуды азайтуы мүмкін екенін дәлелдеген.

الكبد الدهني (آيستوك)

5. Қара кофе

Кофе — бауыры майланған адамдарға ең пайдалы сусындарының бірі. Ғалымдар оның бауыр ферменттерін төмендететінін, аурудың дамуын баяулататынын айтады. Сондай-ақ, бауырдың серпімділігін арттырып, тыртықтану (фиброз) қаупін азайтады. Қант қоспай, қара күйінде ішу ұсынылады.

الكبد الدهني (آيستوك)

6. Сұлы (овсянка)

Сұлыда «бета-глюкан» деп аталатын еритін талшық бар. Ол холестеринді төмендетіп, ішек саулығын жақсартады. Тамақ рационына сұлыны қосу бауырдағы майды азайтуға, инсулинге сезімталдықты жақсартуға және артық салмақтан арылуға көмектеседі.

الكبد الدهني (آيستوك)

7. Көк шай

Көк шай антиоксиданттарға бай, әсіресе онда катехиндер көп. Ғылыми зерттеулер көк шайдың бауырдағы май мөлшерін азайтып, оның жұмысын жақсартатынын көрсетеді. Сондай-ақ, салмақты бақылауға және қабынуды төмендетуге көмектеседі.

الكبد الدهني (آيستوك)

8. Крестоцветті көкөністер

Брокколи, қырыққабат, брюссель көшеттері — талшыққа және «сульфорафан» деп аталатын пайдалы қосылысқа өте бай. Бұл зат уыттарды шығару жолдарын күшейтеді. Зерттеулер олардың бауырда май жиналуын азайтып, қабынуды жеңілдететінін көрсетеді.

الكبد الدهني (آيستوك)

9. Авокадо

Авокадо — пайдалы майлар мен талшықтарға және антиоксиданттарға өте бай жеміс. Ол қабынуды азайтуға, бауырдың майды дұрыс өңдеу қабілетін жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге жасушаларды қалпына келтіруге қажет глутатион деңгейін арттырады.

الكبد الدهني (آيستوك)

10. Жидектер (көкжидек, қарақат, құлпынай)

Бұл жидектер полифенол антиоксиданттарына өте бай. Олар ағзадағы тотығу стрессін азайтып, қабынуды бәсеңдетеді. Ғылыми деректер жидектердің бауырда майдың жиналуын төмендетіп, оның қызметін жақсартатынын білдіреді1.

الكبد الدهني (آيستوك)

 


1аlarabiya net порталынан аударылды. Қазақшалаған islam.kz 

0 пікір