Тек бір қадам жасағанда сіздің ағзаңызда 200-ге жуық бұлшықет қатар жұмыс істейді. Ал жүрек – адам денесіндегі ең төзімді бұлшықет, ол өмір бойы тоқтамай соғады. Бұлшықеттер өседі, жаттығады, олар туралы том-том кітаптар жазылған.
Ендеше, осы тақырыпқа қатысты ең қызықты мәліметтерді ұсынамыз.
1. Адамда қанша бұлшықет бар?
Адам ағзасында шамамен 640-тан 850-ге дейін бұлшықет болады. Тіпті жай ғана жүріп келе жатқанда ағза 200-ге жуық бұлшықетті іске қосады.
-
Бұлшықет майға қарағанда 15% тығыз әрі ауыр. Сондықтан, спортпен шұғылданатын, бірақ денесі шымыр адам, спортпен айналыспайтын толық адамнан ауыр болуы мүмкін.
-
Жалпы бұлшықет массасы дене салмағының 40%-ына жетеді.
2. Ең-Ең Бұлшықеттер
-
Ең төзімді бұлшықет — Жүрек.
-
Ең қысқа бұлшықет — Құлақтағы (1,27 мм болатын) үзеңгі (стремя) бұлшықеті (ол дабыл жарғағын қатайтады).
-
Ең ұзын бұлшықет — Сан бойындағы (портняжная) бұлшықет.
-
Ең жылдам бұлшықет — Көз қабағының (қағып-жұматын) бұлшықеті.
-
Ең күшті бұлшықет — Адамдағы ең күшті бұлшықеттер қатарында шайнау бұлшықеттері (күші 100 кг-ға дейін барады), сондай-ақ балтыр және жамбас (ягодичные) бұлшықеттері бар.
Кейде «ең күшті бұлшықет – тіл» деп айтылады, бірақ бұл дұрыс емес, өйткені тіл – бірнеше бұлшықеттің жиынтығы.
3. Бұлшықеттердің Әртүрлілігі
Барлық бұлшықет бірдей емес. Сондықтан оларды жаттықтыру да, одан кейінгі қалпына келу уақыты да әртүрлі болады.
-
Ең тез қалпына келетін бұлшықет – Трицепс (қолдың артқы бұлшықеті).
-
Ең баяу қалпына келетіндері – Арқа бұлшықеттері.
Бұлшықеттерге де демалыс керек. Жаттығу кезінде мұны ескерген маңызды, себебі бұлшықеттің өсуі суперкомпенсация әсерінен болады, яғни демалыс жаттығу сияқты маңызды. Қатты жаттығудан соң толық қалпына келу үшін ағзаға 48 сағат қажет.
4. Бұлшықет Төзімділігі
Төзімділік – бұлшықеттің ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу қабілеті. Ең төзімді бұлшықет – жүрек, оның «ресурсы» дәрігерлердің айтуынша, кем дегенде 100 жылға жетеді.
-
Бұрын бұлшықеттің шаршауын «сүт қышқылының әсерінен» деп түсіндіретін. Қазіргі зерттеулер шаршаудың басты себебі — бұлшықетте кальций иондарының артық жиналуы екенін көрсетті. Бұл ұзақ жаттығу кезінде бұлшықет жасушаларында «саңылаулар» пайда болып, кальций ішке өткенде болады.
5. Бұлшықеттер мен Эмоциялар
Бет бұлшықеттері эмоциямен тікелей байланысты. Орыс ғалымы Иван Сикорский XIX ғасырда оларды былай жіктеген:
-
Көз айналасындағы бұлшықеттер – ойлану, зейін бейнесіне жауапты;
-
Ауыз айналасындағы бұлшықеттер – ерік-жігер;
-
Адамның сезімдерін барлық бет бұлшықеттері бейнелейді.
2011 жылғы зерттеулерге сәйкес, бет мимикасы адам туылмай тұрып, жатыр ішінде пайда болады екен. Сәби қабағын түйе алады, қасын көтереді, тіпті «жымию» реакциясы да бар.
-
Бет бұлшықеттері жалпы бұлшықеттердің 25%-ын құрайды.
-
Күлу кезінде – 17 бұлшықет,
-
Жылау немесе ашулану кезінде – 43 бұлшықет жұмыс істейді.
Ал беттің жас әрі тегіс болып қалуына көмектесетін ең жақсы әдістердің бірі — сүю (өбісу): ол кезде 29-дан 34-ке дейінгі бұлшықет тобы белсенді болады.
6. Бұлшықеттер және Гендер
Жаттығу тек бұлшықетті ғана емес, гендерді де өзгертеді екен. Орхус университетінің ғалымдары 20 еріктіні 20 минут велотренажерлік жаттығуға қатыстырған. Нәтижесінде: жаттығу бұлшықетке қатысты гендерді белсендіретіндігі анықталған.
Себебі:
- Біздің жасушаларымыз ДНҚ-ны «метил топтары» деген заттардың көмегімен сақтайды.
- Жаттығу кезінде бұл метил топтарының саны азаяды.
- Нәтижесінде, гендегі ақпарат бізге қажетті ферменттер мен ақуыздарға (протеиндерге) айналады. Бұл бұлшықет метаболизмін күшейтеді.
- Ол заттар (ферменттер мен ақуыздар): калорияларды жағуға, бұлшықет массасын ұлғайтуға және оттегіні қабылдауға көмектеседі.
Тәжірибеден кейін, қатысушылардың бұлшықеттері зат алмасу процесінің жылдамдауына бейімделгені (үйреніп алғаны) дәлелденді.
7. Бұлшықет және "Ой оқу" (Телепатия)
Қарапайым адам барлық бұлшықеттерін қадағалап, бақылай алмайды. Сондықтан, біз өзіміз білмей істеген бұлшықеттің кішігірім жиырылуы білетін адамдар үшін біздің жасырын ойларымыздың немесе жоспарлаған әрекеттеріміздің көрсеткіші бола алады.
Ең танымал "телепаттардың" бірі – Вольф Мессинг өзінің керемет қабілеттерін сиқырмен емес, адам бұлшықеттерінің жұмысын өте жақсы білумен түсіндірген.
Ол:
"Бұл ой оқу емес, егер осылай айтуға келсе, 'бұлшықет оқу'... Адам бір нәрсе туралы қатты ойлаған кезде, мидың жасушалары бүкіл денедегі бұлшықеттерге импульстар (сигналдар) жібереді", – деп айтқан.
8. Ұзын Алақан Бұлшықеті
Жер бетіндегі әрбір алтыншы адамның ғана екі қолында да ұзын алақан бұлшықеті (Длинная ладонная мышца) сақталған.
-
Бұл бұлшықет жануарларда тырнақтарын шығаруға жауап беретін. Адамға мұндай функция қажет емес, сондықтан ол рудимент (қажеттілігі жойылған, қалдық орган) болып саналады.
-
Бұлшықет қазіргі кезде дәрігер-хирургтарға керек: егер бұлшықетті трансплантациялау (ауыстыру) керек болса, осы бұлшықетті материал ретінде пайдаланады.
9. Бұлшықеттер және Шоколад
Таңқаларлық жайт: бұлшықетке де, жүрекке де пайдалы тағамдардың бірі — қара шоколад.
-
Зерттеулер бойынша қара шоколадтағы эпикатехин заты митохондрий санын көбейтетінін анықтады.
-
Италия ғалымдары 15 күн бойы адамдарға 100 г қара шоколад беріп, олардың қан қысымын өлшеген. Нәтижесінде, қысым қалыпқа келіп, қан айналымы жақсарған.
-
Демек, қара шоколадты мөлшермен тұтыну — жүрек пен қан тамыры ауруларының алдын алады екен.
10. Бұлшықеттердің Жойылуы (Саркопения)
Бұлшықет мәңгі емес. 40 жастан кейін олар табиғи түрде азая бастайды:
-
Жылына 2–3%,
-
60 жастан кейін — 5%-ға дейін.
Сондықтан ересек шақта жаттығу жас кездегіден кем маңызды емес, тіпті одан да көп қажеттілік туады(1).
Құран Кәрім, "Тариқ" сүресі, 5-7 аяттарда былай делінген:
"Адам баласы неден жаратылғанына бір қарасыншы!"
"Ол атылып шыққан бір судан (ұрық суынан) жаратылды."
"Ол (су) бел омыртқа (сұлб) мен төс (тәраиб) сүйектерінің арасынан шығады."
(1) Ақпарат «econet ru» сайтынан аударылды.