Дәрет кезінде құлаққа мәсіх тартудың денсаулыққа тигізетін пайдасы анықталды
Дәрет кезінде құлаққа мәсіх тартудың денсаулыққа тигізетін пайдасы анықталды
3 сағат бұрын 185 islam.kz/

Дәрет алу барысында құлаққа мәсіх тарту — Пайғамбарымыздың үйреткен сүннет амалы. Бұл ретте сұқ саусақпен құлақтың ішкі бөлігін, ал бас бармақпен сыртын сипап өтеміз. Сондай-ақ, шынашақпен құлақ тесіктерін тазарту — ұнамды іс. Бірақ, осы бір ғана іс-әрекеттерді орындау арқылы біз байқаусызда құлақтағы биологиялық белсенді нүктелерге (ББН) массаж жасайтынымызды көбіміз біле бермейміз.

Құлақ — тек есту мүшесі емес, ол бүкіл ағзаның денсаулық картасы іспетті. Құлақ қалқанының пішіні ана құрсағында басы төмен қарап жатқан шаранаға (эмбрионға) ұқсайды. Сондықтан дәрет кезінде құлақтың әр бөлігін сипау арқылы біз тиісті мүшелерге оңтайлы әсер етеді екенбіз, атап айтқанда:

  • Құлақ сырғалығын уқалау — бас миының жұмысын жақсартады.

  • Ортаңғы бөлігін (табақшасын) сипау — кеуде және құрсақ қуысы мүшелерін емдейді.

  • Жоғарғы бөлігін мәсіх тарту — қан қысымын түсіріп, жүрек-қантамыр жүйесін реттейді.

Проекционные зоны ушной раковины

Құлақ қалқанында 110-нан астам белсенді нүкте шоғырланған. Бұл — денеміздегі рефлекторлық нүктелердің ең тығыз орналасқан жері. Дәрет кезінде осы нүктелерге әсер ету арқылы біз ішкі ағзалардың жұмысын нормаға келтіріп, тіс ауруы немесе ангина кезіндегі ауырсынуды баса аламыз. Медицинада құлақтағы осы нүктелерге ине салу арқылы тіпті наркозсыз ота жасауға болатыны дәлелденген.

Ендеше, дәрет алу кезінде құлақты мұқият сүрту — жай ғана тазалық емес, бүкіл денені сергітетін, аурулардың алдын алатын және ішкі мүшелерге қуат беретін табиғи массаж болып табылады. Осы бір кішкентай ғана іс-әрекеттің астарында таудай пайда жасырулы екен. Осыған қарап та асыл дініміздің әрбір бұйрығының бекер емес екендігін ұғамыз, ал оның астарындағы жасырулы үлкен пайдаларына қарап, бұл діннің расында да тәңірлік қайнар көзден бастау алатындығына тағы бір көз жеткізуге болады. 


Дереккөз: Мухаммад-Ариф Абдулаев, islam ru

 

0 пікір