Құран Кәрімді жаттаудың ең қолайлы жолы
Құран Кәрімді жаттаудың ең қолайлы жолы
2 сағат бұрын 170 islam.kz/

Барша мақтау-мадақ Алла Тағалаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болсын!

Төменде ұсынылып отырған әдіс — Құран аяттарын тез жаттауға және жаттағанды ұмытпастай етіп бекітуге әрі Құранды тез арада хатым істеп шығуға (толық жаттап шығуға) көмек береді. Бұл әдістің жолын «Жұма» сүресінің алғашқы сегіз аятын мысалға ала отырып, қадам-қадаммен түсіндірейік:

1. Әуелі бірінші аятты жиырма рет қайталап оқыңыз.

{يُسَبِّحُ لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ الْمَلِكِ الْقُدُّوسِ الْعَزِيزِ الْحَكِيمِ}.

2. Содан соң екінші аятты жиырма рет оқып, жадыңызға тоқыңыз.

{هُوَ الَّذِي بَعَثَ فِي الْأُمِّيِّينَ رَسُولًا مِنْهُمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آَيَاتِهِ وَيُزَكِّيهِمْ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَإِنْ كَانُوا مِنْ قَبْلُ لَفِي ضَلَالٍ مُبِينٍ}

3. Үшінші аятты да жиырма рет қайталаңыз.

{وَآَخَرِينَ مِنْهُمْ لَمَّا يَلْحَقُوا بِهِمْ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ}

4. Төртінші аятты дәл солай жиырма рет оқыңыз.

{ذَلِكَ فَضْلُ اللَّهِ يُؤْتِيهِ مَنْ يَشَاءُ وَاللَّهُ ذُو الْفَضْلِ الْعَظِيمِ}.

5. Енді осы алғашқы төрт аятты өзара сабақтастырып, басынан аяғына дейін бірге қосып, жиырма рет қайталаңыз. Бұл — аяттардың арасын бекітіп, үзілмейтін берік шынжыр жасау үшін қажет.

6. Одан кейін бесінші аятты жиырма рет оқыңыз.

{مَثَلُ الَّذِينَ حُمِّلُوا التَّوْرَاةَ ثُمَّ لَمْ يَحْمِلُوهَا كَمَثَلِ الْحِمَارِ يَحْمِلُ أَسْفَارًا بِئْسَ مَثَلُ الْقَوْمِ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآَيَاتِ اللَّهِ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ}.

7. Алтыншы аятты жиырма рет қайталаңыз.

{قُلْ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ هَادُوا إِنْ زَعَمْتُمْ أَنَّكُمْ أَوْلِيَاءُ لِلَّهِ مِنْ دُونِ النَّاسِ فَتَمَنَّوُا الْمَوْتَ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ}.

8. Жетінші аятты жиырма рет оқыңыз.

{وَلَا يَتَمَنَّوْنَهُ أَبَدًا بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيهِمْ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالظَّالِمِينَ}

9. Сегізінші аятты жиырма рет оқып шығыңыз.

{قُلْ إِنَّ الْمَوْتَ الَّذِي تَفِرُّونَ مِنْهُ فَإِنَّهُ مُلَاقِيكُمْ ثُمَّ تُرَدُّونَ إِلَى عَالِمِ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ فَيُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ}.

10. Енді бесінші аяттан сегізінші аятқа дейін қосып, аралықты өзара байланыстыру үшін жиырма мәрте қайталаңыз.

11. Ең соңында, осы Құран беті жадыңызда толық бекуі үшін, бірінші аяттан сегізінші аятқа дейін бастан-аяқ жиырма рет оқып шығыңыз.

Құранның әр бетін жаттауда осы тәртіпті ұстаныңыз.

Ертеңіне жаңа бетті жаттауды қалай бастау керек?

Егер келесі күні жаңа бетке көшкіңіз келсе, алдымен кешегі жаттаған бетіңізді бастан аяқ жиырма рет оқып, жаңғыртып алыңыз. Сонда өткен сабағыңыз көкірегіңізде тасқа басқан таңбадай болып бекиді. Осыдан кейін барып жаңа бетті жаттауға кіріссеңіз болады.

Жаттау мен қайталауды қалай ұштастыру керек?

Құранды қайталап тұрмай, жаттауға болмайды. Егер сіз қайталамай, бет-бетімен жаттай беріп, хатым жасасаңыз (толық жаттасаңыз), соңында бұрынғы жаттағандарыңыздың бәрін ұмытып қалғаныңызды байқайсыз. Сондықтан ең дұрыс жол — жаңаны жаттау мен ескіні қайталауды қатар алып жүру.

Ол үшін мына ережені ұстаныңыз:

  • Құранды бөлу: Құранды 10 парадан тұратын үш бөлімге бөліңіз.
  • Алғашқы 10 пара кезінде: Күніне 1 бет жаттасаңыз, оған қоса бұрынғы жаттағандарыңыздан 4 бетті міндетті түрде қайталап отырыңыз. Осылайша алғашқы 10 параны толық бітіріңіз.
  • Үзіліс жасау: 10 параны толық жаттап болған соң, жаңа бет жаттауды тоқтатып, бір ай уақытыңызды тек сол он параны қайталауға арнаңыз.
  • Қайталау тәртібі: Осы бір ай ішінде күн сайын 8 беттен қайталап отырыңыз (бұл жаттаған 10 параңызды жадыңызда бекіту үшін қажет).

Осы әдіспен әр 10 параны бекітіп отырсаңыз, Құран көкірегіңізде берік сақталады.

Толық жаттап болған соң, Құранды қалай қайталаймын?

Жоғарыда айтылған әдіспен жаттап аяқтаған соң, бүкіл Құранды бастан-аяқ қайталауға кірісіңіз. Ол үшін күн сайын екі парадан қайталаңыз. Әр күнгі екі параны үш қайтара оқып отырсаңыз, әр екі апта сайын Құранды бір рет толық қайталап шығасыз:

  • Күн сайын 2 парадан оқып отырыңыз.
  • Сол 2 параны күніне 3 рет қайталап шығыңыз.
  • Осы жүйемен жүрсеңіз, әр екі апта сайын Құранды бір рет толық қайталап (хатым жасап) шығасыз.

Егер осы әдісті бір жыл бойы үздіксіз ұстанатын болсаңыз, бір жылдың ішінде Құранды өте берік, тасқа басқан таңбадай деңгейде жаттап шығасыз. 

Алла Тағала Құранды жүрегіне ұялатқан хафиздердің қатарынан қылсын!1

1Абдульмухсин ибн Мұхаммед әл-Қасим, «Харам» мешітінің имамдарының бірі, Халықаралық Құран жарыстарының қазылар алқасының мүшесі.

0 пікір