Тұрмысқа шыққым келеді!
Тұрмысқа шыққым келеді!
16 күн бұрын 1161 islam.kz/

Бір кәмілет жасына жеткен, бойжетіп ес кірген қыз Пайғамбарымызға (саллаллаһу алейхи уә сәлләм) келіп:

— «Мен бір ер адамға тұрмысқа шықсам деймін. Қалай болады?» — деп сұрайды.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) жымиып:

— «Ер адамның құқықтары көп. Соған дайынсың ба?» — дейді.

Қыз:
— «Қандай құқықтары?» — деп сұрайды.

Пайғамбарымыз былай түсіндіреді:

— «Егер сен күйеуіңді ренжітсең, Алла разы болмайды, намазың қабыл болмайды».

Қыз:
— «Тағы қандай?»

— «Егер күйеуің рұқсат етпей сыртқа шықсаң, әр қадамың үшін күнә жазылады».

— «Тағы?»

— «Күйеуіңе ауыр сөз айтсаң, Қиямет күні тілің үшін азап көресің».

— «Тағы?»

— «Өзіңнің малың болып тұрып, күйеуіңе көмектеспесең, ахиретте жүзің қара болады».

— «Тағы?»

— «Күйеуіңнің малынан ұрлап, біреуге беріп, кешірім сұрамасаң — садақаң да, зекетің де қабыл болмайды».

Бойжеткен тағы сұрайды:
— «Тағы бар ма?»

— «Кім күйеуін балағаттаса немесе оған қарсы ауыр сөз айтса — тозақта тілімен ілініп азапталады.  Ал егер музыка ойнайтын жерлерге барса немесе сондай жерлерге ақша жұмсаса — істеген барлық сауаптары жанып кетеді. Тіпті үстіндегі киімдері де: “Бізді қайырлы күндерде кимеді, ал харам жерлерге киіп барды” деп шағымданады. Ондай әйелдерге мың жыл от азабы беріледі».

Мұның бәрін естіген қыз шошып:

— «Уа, Расулалла! Осы уақытқа дейін тұрмысқа шықпаған едім, бұдан кейін де шықпасам ештеңе етпес!» — дейді.

Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған былай деді:

— «Саған тұрмысқа шыққанда берілетін сауаптарды айтайын ба?!:

  • Күйеуің саған “Алла разы болсын” десе — бұл сен үшін 60 жыл құлшылық жасағаннан артық.
  • Оған бір жұтым су берсең — бір жыл ораза ұстағанмен тең.
  • Күйеуіңмен болғаннан кейін ғұсыл алсаң (шомылсаң) — 1000 құрбан шалғандай сауап аласың.
  • Күйеуіңе айла жасамай, адал жүріп өтсең — періштелер сен үшін тасбих (мақтау) айтады.
  • Күйеуіңе жылы сөйлессең, әзілдессең — 60 құлды азат еткен сауапқа тең.
  • Күйеуіңнің мүлкіне ие болып, оның туған-туысымен жақсы болсаң, намазыңды оқып, оразаңды ұстасаң — Қағбаны мың рет тауап еткенмен бірдей сауап аласың» депті Алла елшісі (с.а.у.).

as-sunna ru

0 пікір