«Алланы алдау мүмкін емес»: Ибн Жәузи күмәнді табыс көзі жайында
«Алланы алдау мүмкін емес»: Ибн Жәузи күмәнді табыс көзі жайында
8 сағаттан соң 37

«Алланы алдау мүмкін емес»

«Мен бірде дүниелік бір пайдаға қол жеткізу үшін, іштей «бұл рұқсат етілген (мүбах) нәрсе ғой» деп өзімді ақтап, бір іске жоспар құрдым. Бірақ ол іс тақуалық (уара’) тұрғысынан қарағанда лайықсыз, көңілге кірбің ұялататын іс еді.

Нәтижесінде, әуелі дінімнің берекесі сарқылғанын сездім – Алламен болған қарым-қатынасымдағы тәттілік жоғалды. Содан соң, сол дүниелік пайданың да көзі суалып, құрдымға кетті. Осылайша екі жағынан да (діни де, дүниелік те) құр алақан қалдым.

Сол кезде өзіме былай дедім: «Сенің халің тура бір залым әкімнің халіне ұқсайды: ол арам жолмен мал жинады, бірақ кейін қазы келіп, жинаған арам малын тәркілеп қана қоймай, өзінде жоқ малды да мойнына іліп кетті».

Сондықтан, (нәпсінің) жалған сылтауларынан сақ болыңдар! Өйткені Алла Тағаланы алдау мүмкін емес және Оның құзырындағы нығметтерге Оған күнә жасау арқылы қол жеткізу мүмкін емес».[1]


[1] Ибн Жәузи: “Сойдуль Хатыйр» кітабынан.

.

 

0 пікір