«Интимдік ұяттың жойылуы — шизофренияның белгісі...». Орыс ғалымы
«Интимдік ұяттың жойылуы — шизофренияның белгісі...». Орыс ғалымы
24 күн бұрын 1892 artsgtu.ru/

Біз қазір сондай қоғамда өмір сүріп жатырмыз, — дейді Демографиялық қауіпсіздік институтының директоры Ирина Медведева, — мұнда бұрын психикалық аурудың белгісі болып саналатын нәрселер қазір сән мен мінез-құлықтың өлшеміне айналып барады.

Психикалық дерт адамды алдымен адамгершіліктен айырады. Ал адамгершіліктің бұзылуы, өз кезегінде, адамның жан дүниесін бұрмалайды.

Медведеваның айтуынша, қазіргі қоғамда, әсіресе жастар мен балалар арасында, әдейі “психикалық улану” жүріп жатыр. Біреулер мұны “жыныстық ағарту” дейді, енді біреулер басқа атпен ұсынады. Бірақ мәні бір: адамның ар-ұяты мен психикасына у секілді әсер ететін нәрселерді әдемі сөздермен, “гуманизм” деген желеумен жеткізеді.

«Мысалы, — дейді психиатр, — қазір салақтық пен ретсіздікті сәнге айналдырды. Майланып кеткен шаш, жыртық шұлық, тозған джинсы, бір жаққа қисайған көйлек — бәрі “стиль” деп көрсетіледі. Ал психиатриялық ауруханаларда науқастың жағдайын бағалайтын арнайы баған бар — “ұқыптылығы”. Егер адам салақ болса, бұл ауыр психикалық ауытқудың белгісі. Ал қазір дәл осындай белгілер жастардың сәніне айналып отыр».

«Кино кейіпкерлеріне қараңыз, — дейді ол тағы. — Көптеген боевиктер мен триллерлерде бәрін қиратып, жолындағының бәрін жоятын “суперқаһармандар” бар. Психиатрияда мұндай күй “гипоидтық шизофрения” деп аталады — мұнда шектен тыс қатыгездік пен жүректің өліп қалуы, яғни мейірімсіздік қатар жүреді».

Тағы бір мәселе — қазіргі қоғам дәріптейтін “прагматизм”. Шын мәнінде, бұл да шизофренияның бір белгісі. Көп адам шизофреникті ақылсыз деп ойлайды, бірақ олай емес. Керісінше, ол шамадан тыс рационалды, бірақ мүлде сезімсіз. Ал бүгінгі идеология жастарды “аз эмоция, көп пайда” қағидасына үйретіп жатыр. Бұл — өте қауіпті белгі.

Ал интимдік ұяттың жойылуы ше? Ирина Медведеваның айтуынша, бұл тек түрлі азғындықты (мысалы, басқа адамдардың төсегінде не болып жатқанын көрсететін шоуларды) насихаттау емес, сонымен бірге жыныстық ауытқуларды қалыпты нәрсе етіп көрсету. Ал мұның бәрі — психопатологияның бір бөлігі.

Ең сорақысы, “қауіпсіз жыныстық қатынас” деген желеумен жастарды ерте жыныстық өмірге итермелейді. Нәтижесінде отбасы мен неке құндылығы төмендейді. Ал ол — адамның қалыпты психикасының ең маңызды тірегі. Бұл құндылық жоғалған жерде жан жарасы көбейеді, қоғамның ой-санасы әлсірейді. Соңында бүкіл халықтың рухани және ақылдық деградациясына әкеледі.


 islam.kz

 

0 пікір