Адам нәпсісі көрсоқырлықпен өзін ұмытып кетеді. Өзіндегі сансыз әлсіздікті, әлжуаздықты, шексіз пақырлық пен дәрменсіздікті, кемшіліктері мен нұқсандықтарын байқай алмайды тіпті байқағысы келмейді де. Оған қоса, өзінің бейшаралығы мен түкке тұрмайтын көзді ашып-жұмғанша іріп-шіріп топыраққа тез сіңіп кететін ет пен сүйектен жаратылғанын да елей бермейді. Бүкіл денесі болаттан жасалғандай мәңгілік өлмейтіндей дүниеге салынады. Дүниеге қатты берілгені сонша қай жерде ләззат болса сол жерге жүгіреді, қай жерде пайда болса аласұрып сол жерге ұмтылады. Тіпті өзін жаратқан Жаратушыны да ұмытып кетеді. Өмірінің соңына көз жіберіп, ақыреттік өмірін ойға алмайды, жаман қылықтардан арылмаған күйі өмірін өткізеді. Ал Рамазан айы болса ең есіріп, еліргендердің өзін тізгіндеп, жөнге салып оларға өздерінің әлсіз, әлжуаз, дәрменсіз, бейшара екендіктерін ұқтырады. Аштық арқылы асқазаны ой салады. Асқазанының қажетін ойлай бастайды. Денесінің қаншалықты әлсіз, әлжуаз екенін сезінеді. Жанашырлық пен кішіпейілділікке зәру екенін ұғынады. Перғауын секілді өзін жарты құдай сезінген нәпсісіне тоқтау салып, тәубеге келтіреді. Әлсіз, әлжуаз кейіпте Жаратушыны пана тұтып әлі дақ түспеген жүрегімен өз шүкіршілігін білдіреді.
Өзекті мақалалар
■
«Біз Алла елшісімен сапарда болғанда, аузы ашықтар, аузы жабықтарды, аузы жабықтар аузы ашықтарды айыптамайтынбыз».
■
Рамазан — темекі шегуді тастауға үлкен мүмкіндік!
■
РАМАЗАН — «ҚАРЫН ТОЙДЫРУ» НАУҚАНЫ ЕМЕС, ол нәпсіні тыйып, құлшылық қылатын ай.
■
Оразаның ағзаға тигізер 10 пайдасы
■
ПОРНОГРАФИЯНЫҢ ҚАСІРЕТІ
Көп оқылғандар
■
ПОРНОГРАФИЯНЫҢ ҚАСІРЕТІ
■
РАМАЗАН — «ҚАРЫН ТОЙДЫРУ» НАУҚАНЫ ЕМЕС, ол нәпсіні тыйып, құлшылық қылатын ай.
■
Рамазан — темекі шегуді тастауға үлкен мүмкіндік!
■
Оразаның ағзаға тигізер 10 пайдасы
■
«Біз Алла елшісімен сапарда болғанда, аузы ашықтар, аузы жабықтарды, аузы жабықтар аузы ашықтарды айыптамайтынбыз».