Бұдан мың жыл бұрын әйгілі мұсылман дәрігері Ибн Сина (Батыста Авиценна деген атпен белгілі) адамның көңіл-күйі мен ой-сезімінің (психикасының) денсаулығына тікелей әсер ететінін тәжірибе арқылы дәлелдеген. Бұл тәжірибе бүгінде медицина тарихындағы ең танымал мысалдардың бірі болып саналады.
Ибн Сина – нағыз энциклопедист ғалым болған. Ол тек дәрігер ғана емес, сонымен қатар медицина, психология, фармакология, геология, физика, астрономия, химия және философия сияқты көптеген ғылым саласына орасан үлес қосқан.
Оның ең әйгілі еңбегі – «Әл-Қанун фи-т-тибб» кітабы («Медицина ғылымының заңдары») медицина саласына қосқан ең үлкен үлесі болды. (Бұл еңбек ғасырлар бойы Еуропа мен Шығыста дәрігерлердің басты оқулы болып келді). Ибн Сина практикалық медицинаны ойлау арқылы, ол медицина философиясына үлкен еңбегін сіңірді. Ол қазіргі заман тілімен айтқанда «тұтас (холистикалық) медицина» қағидасын ұстанды. Онда ол емдеу барысында дәрі мен астан бөлек, адамның көңіл-күйі мен психологиялық жағдайын да есепке алды.
Ибн Синаның эксперименті: Қозы мен қасқыр
Ибн Синаның аты аталған эксперименті ерекше есте қалған. Ибн Сина екі қозыны алып, оларды екі бөлек торға орналастырды. Екі қозының салмағы, дене бітімі және тамағы бірдей болған. Айырмашылығы: қозының біреуінің торының жаңына торға қамалған қасқырды қояды.
Қасқыр қозыға тиісе алмайды, тек көрініп тұрады. Бірақ сол жеткілікті еді. Күн сайын олардың жағдайы бақылауда болды. Бірнеше айдан соң айырмашылық айқын байқалды:
Қасқырды күнде көзі көріп тұрған қозы мазасызданып, тамаққа тәбеті болмай, арықтап, әлсірей берді. Ақыры ол өліп қалды. Ал екінші қозы аман-есен, семіз әрі сергек күйінде қалды.
Яғни, қасқыр қозыға физикалық тұрғыда еш зиян келтірмесе де, қорқыныш пен тұрақты күйзеліс оның өмірін қысқартқан еді.
Қорытынды
Ибн Сина осы тәжірибесі арқылы адамның рухани күйі мен дене саулығының тығыз байланысын дәлелдеді. Бүгінгі күні бұл ой бұрынғыдан да маңызды. Себебі қазіргі қоғамда алаңдаушылық, қорқыныш пен стресс жиі кездеседі.
Қысқа уақыттық алаңдау кейде сақтық шарасын арттыруы мүмкін, бірақ үздіксіз үрей мен жалғасымды мазасыздық адам денсаулығына үлкен зиян тигізеді.
Сондықтан сабыр сақтау, сенім мен тыныштықты күшейту – тек рухани емес, дене саулығын сақтаудың да жолы.
Ал қоғам деңгейінде – халықтың медициналық сауатын арттыру мен ақпараттық тыныштық сақтау – бүкіл ұлттың саулығына әсер етеді.
Дереккөз: islamisemya.com