«Мына бес нәрсені есте сақтаңдар!»: Әзіреті Әлидің бес өсиеті
«Мына бес нәрсені есте сақтаңдар!»: Әзіреті Әлидің бес өсиеті
5 ай бұрын 2484 islam.kz/
А. Қасым

Әбу Нуъайм әл-Исфәһәнидің «Хильятуль Әулия» атты кітабында Әзіреті Әлиден мынада бір өсиет келтірілген, ондағы Әбу Зәғлдан жеткен риуаятта Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) былай дейді:

عَنْ أَبِي الزَّغْلِ، قَالَ: قَالَ عَلِيُّ بْنُ أَبِي طَالِبٍ" احْفَظُوا عَنِّي ⦗٧٦⦘ خَمْسًا، فَلَوْ رَكِبْتُمُ الْإِبِلَ فِي طَلَبِهِنَّ لَأَنْضَيْتُمُوهُنَّ قَبْلَ أَنْ تُدْرِكُوهُنَّ: لَا يَرْجُو عَبْدٌ إِلَّا رَبَّهُ، وَلَا يَخَافُ إِلَّا ذَنْبَهُ، وَلَا يَسْتَحِي جَاهِلٌ أَنْ يَسْأَلَ عَمَّا لَا يَعْلَمُ، وَلَا يَسْتَحِي عَالِمٌ إِذَا سُئِلَ عَمَّا لَا يَعْلَمُ أَنْ يَقُولَ: اللهُ أَعْلَمُ، وَالصَّبْرُ مِنَ الْإِيمَانِ بِمَنْزِلَةِ الرَّأْسِ مِنَ الْجَسَدِ، وَلَا إِيمَانَ لِمَنْ لَا صَبْرَ لَهُ "

«Менен бес нәрсені есте сақтап алыңдар! Егер оларды түйемен іздеп шығатын болсаңдар, ол бесеуін табамын дегенше түйелерің шаршап бітер еді. Ол бес өсиет келесідегідей:

  • Пенде тек Раббысына ғана үміт артсын. 
  • Пенде тек өз күнәсінан ғана қорықсын. 
  • Білімсіз адам білмейтін нәрсесін сұраудан ұялмасын. 
  • Білімді адам білмейтін нәрсесі сұралғанда: «Аллаһу аъләм (Аллаһ жақсырақ біледі)", - деуден ұялмасын.
  • Иман үшін сабыр – дене үшін бас сияқты. Кімде сабыр жоқ болса, онда иман жоқ».

Бұл хадис исламдағы бес маңызды қағиданы баяндайды:

  • Аллаға тәуекел ету: Адам баласы тек Жаратушыға ғана сенім артып, Оған ғана үміт етуі керек.

  • Күнәдан қорқу: Қорқыныш сыртқы нәрселерден емес, өзінің қателіктері мен күнәларынан болуы тиіс.

  • Білімге ұмтылу: Білмеген нәрсесін сұрау – ұят емес, білмесе де білемін деп сұрамау ұят.

  • Кішіпейілділік: Ғалым адамның білмейтін нәрсесін мойындауы – даналық пен шыншылдықтың белгісі. Ол нәрсе періштелердің сипаты. "Аллаһ жақсырақ біледі" деген тіркес пенденің білімінің шектеулі екенін көрсетеді.

  • Сабырдың маңыздылығы: Иманның толық болуы үшін сабырлық аса қажет.

Бұл нақыл сөздер мұсылман адамды өміріндегі дұрыс бағыт-бағдарға жетелейді.

0 пікір