13.12.2022 5594 Ойтамшы
ФУТБОЛ КӨРУ

Футбол көруге бола ма, деп сұрап жатыр кейбір мұсылмандар.

Ислам дінінде көңілді сергітер жақсы нәрселерді қызықтау күнә емес. Мысалы, сахих риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.у.) Айша анамызға мешітте қылыш-найзамен өнерін көрсетіп жатқан бір топ эфиопиялық ер адамдардың өнерлерін қызықтауға рұқсат берген. Айша анамыз Пайғамбарымыздың (с.а.у.) арт жағында тұрып қызықтаған еді. Бұдан футбол сияқты спорт түрлерін қызықтаудың күнәсі жоқ екенін түсінеміз.

Бірақ әрине тым қатты берілмей, намазды қаза қылмай және өзінің міндеттемелерін ұмыт қалдырмауы керек. Өйткені кей мубах нәрсені шамадан тыс істеу, мәкруһ үкімін тудырады. Керісінше мұстахаб амалды көп істеген сайын сауап болады. 

Сосын белгілі бір командаға жақтасудың да күнәсі жоқ. Бірақ, жақтасуы қарсылас команданы сөгуге және олардың жанкүйерлерін тілдеуге алып келмеуі керек. Не жағдайда да орта жолды ұстанған жөн. Футбол көру мәселесінде де солай: Жөні жоқ "харам" деп тым қатайып алған да дұрыс емес. Сол сияқты "халал" деп футболмен тым қатты ауырған да жөн емес. "Істердің ең жақсысы - ортасы" деген Пайғамбарымыз (с.а.у.). Назарларыңызға рақмет! 

 Телеграмм каналынан 

0 пікір