ХИТ ВИДЕОРОЛИК
2 жыл бұрын 6074

"ҚАРЫНДАСЫНЫҢ ҚҰРАНЫН ТЕКСЕРІП, ТҮЗЕП ОТЫРҒАН БҮЛДІРШІН": Араб тілді инстаграм парақшаларында хит болып жатқан екі қазақ бүлдіршіні.

"Қазақстандық бір бала қарындасының жаттаған Құран аяттарын тексеріп, ұмытқан жерін түзеп отыр" деп жазған араб тілді @meemmagazine инстаграм парақшасы өзінің араб ұлтты оқырмандарын ағалы-қарындас екі қазақ бүлдіршінінің Құран оқыған бейнеролигімен тәнті етті. Оқырмандарының арасынан Оmahammed.khan.73113 деген бір оқырманы қазақ бүлдіршіндеріне деген таңданысын жасыра алмай:

"Осы кезге дейін бөліскен видеороликтеріңіздің ең тамашасы осы болды. Маған қатты әсер етті. Шын жүректен рақметімді айтамын" деп ағынан жарылды.

Одан өзге де оқырмандары өз таңданыстарын жасыра алмай ақ тілектерін жаудыра жазып жатыр. ИншаАлла атам заманнан мұсылманшылығын паш еткен қазақтың ұрпағынан әлі-ақ әлемге әйгілі дін ғалымдары мен Құран жаттаған қарилар шығарына сенімдіміз. Мына видеодағы екі ағайынды бүлдіршін соның бір дәлелі болса керек. Аллаһу әкбар. Алла тіл-көзден сақтасын!

0 пікір