|
10 мың имам қысқартуға ұшырады
|
Сауд Арабиясының ислам істері жөніндегі министрлігі 10 мың наиб имамды бюджет қаржысын үнемдеу үшін қысқартып жатыр. Үнемделетін ақша көлемі - 360 млн сауд риалы (96 млн АҚШ доллар).
Корольдіктің билігі наиб имамдарға штаттағы имам қызметіне ауысу не жұмысын мүлде тастау керектігін ескертіп, таңдау берді.
«Көптеген адам наиб имамдардың ай сайын 800 АҚШ доллары көлемінде жалақы алып келгенін сынға алған болатын. Себебі, олар негізгі имамдардың орынбасарлары түк бітірмейді деп санайды. Бұдан кейін осы категориядағы діни қызметкердің жұмысы толық жұмыс күніне ауысып, міндетті түрде дінтану бойынша бакалавр деңгейде білімі болуы талап етілмек», - деп мәлімдеді ислам істері жөніндегі министр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты