|
15 ел БҰҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
|
БҰҰ-ға мүшелік жарна төлемеген 15 ел дауыс беру құқығынан айырылды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Бас Ассамблеяға хабарлаған. Төлем жасамаған мемлекеттер арасында Ливия, Доминикан Республикасы, Сент-Винсент және Гренадиндер, Бурунди, Бахрейн және Мали бар. Венесуэланың қарызы 3 миллион долларға жетті. Берешегі бар елдердің бірінен саналған Иран мүшелік жарнаны соңғы сәтте төлеген. Бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымы қарызға белшеден батқан Йемен, Сомали, Комор аралдары, Гвинея-Бисау мен Сан-Томені саяси және экономикалық ауыр жағдайларына байланысты дауыс беру құқығынан айырмаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр