|
150 прокурор президентке қарсы шықты
|
АҚШ-та бұрынғы және қазіргі уақытты өз қызметін атқарып жүрген федералды прокурорлар Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың мигранттарға қатысты жарлығын сынға алып, заңға қайшы екенін алға тартуда. Дүйсенбіде экс-прокурор Эллин Маркус Линдси Калифорнияның 54 прокуроры қол қойған хатты "The Intercept" мерзімді басылымына табыс етті. Онда Дональд Трамптың мұсылмандарды саналы түрде діни сеніміне байланысты кемсітіп отырғанын ашына баяндаған екен. Мұндай хатты Нью-Йорктың 65 прокуроры және Флориданың 36 прокуроры да жолдаған. Олар хатында мемлекет басшысынан мигранттарға қатаң саясат ұстанбауын талап еткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды