18 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынады
18 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынады
2 ай бұрын 729 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарындағы Техас штатында жасы 18-ге толмағандарға әлеуметтік желіге кіруге толық тыйым салынайын деп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық сарапшылардың пікірінше, әлемжелі психикасы толық қалыптаспаған жасөспірімдер мен жеткіншектерге қауіп төндіреді. Техас штатының сенаты жасы 18-ге толмағандарға әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салатын заң жобасын әзірлеп жатыр. Егер аталмыш заң жобасы мақұлданса, штат губернаторы қол қойғаннан кейін тыйым қолданысқа енеді. Содан соң заң күшіне енгеннен кейін тиісті орындар әлеуметтік желіден парақша немесе аккаунт ашқандардың жасы тексерілетін болады. Бұдан бөлек, ата-аналарға баласының әлеуметтік желісін жоюға рұқсат беріледі. Жасы сәйкес келмейтіндер әлемжелідегі парақшасын жоймағандарға, яғни, кінәлілерге айыппұл салынады. Техас Флоридадан кейін әлеуметтік желілерді пайдалану бойынша жас шектеулері енгізілетін АҚШ-тың екінші штаты атанады. Өткен жылы Флорида губернаторы Рон Де Сантис 14-15 жастағы жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге тек ата-аналарының келісімімен кіре алатындығын ұйғаратын заңға қол қойды. Федералды деңгейде, бір жыл бұрын АҚШ сенаты 13 жастағы балалардың әлеуметтік желілерге кіруін тыйым салатын заң жобасын ұсынған. Қазіргі уақытта ол талқылу кезеңінде.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3