|
20 млн адамды құтқару үшін 4,4 млрд доллар қаржы керек
|
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриштің мәлімдеуінше, бірқатар елдердегі гуманитарлық апаттың алдын алу үшін 2017 жылдың наурыз айының соңына дейін $4 млрд астам қаржы жинау керек, деп хабарлайды Қазақпарат.
Reuters агенттігінің мәліметінше, Нигерия, Сомали, Оңтүстік Судан мен Йемендегі 20 млн адам аштыққа ұрынайын деп тұр. Төтенше жағдайды шешу үшін 2017 жылы азық-түлікке $5,6 млрд қаржы қажет, соның ішінде $4,4 млрд соманы наурыз айының соңына дейін жинау керек.
«Жомарттық жасап, берілген уәделерге қарамастан, іс жүзінде тек $90 млн ақша жиналды», — деп келтіреді агенттік Гутерриштің сөзін. Ол атап өткендей, бұл қаржы әрбір доллардың тек екі центін құрайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ыстық суда өсіп, биология заңдылығын жоққа шығаратын тіршілік иесі анықталды (видео)
■
Тұмау вирусының жасушаға қалай жұғатыны таспаға тартылды (видео)
■
3D-принтерде басылған көздің мөлдір қабығы зағип пациенттің көру қабілетін қалпына келтірді (видео)
■
Әлемде алғаш рет биологиялық тұрғыдан ыдырайтын (шіритін) саңырауқұлақтан табыт жасалды
■
Обыр жасушаларын жоюдың тиімді әдісі табылды