2029 жылы жаһандық ислами қаржы активтері 9,7 трлн долларға жетеді
2029 жылы жаһандық ислами қаржы активтері 9,7 трлн долларға жетеді
2 ай бұрын 861 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Малайзия ислами қаржы дамуының ең ұшар шыңында қала бермек. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Banking & Finance ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2025 жылдың қазан айында Лондон қор биржасы (LSEG) мен Жекеменшік секторды дамыту жөніндегі ислами корпорация (ICD) жариялаған есептегі деректерге сәйкес жыл сайын ислами қаржы орта есеппен 10%-ға артып отырады, ал 2029 жылы 9,7 трлн долларға жетеді. Малайзия LSEG және ICD дайындаған индекске негізделген исламдық қаржының даму рейтингінде өзінің кқшбасшылық орнын сақтап қалды. 2024 жылғы жалпы исламдық қаржының мөлшеріне шаққанда Малайзияның үлесі 46% -дан асқан, ал такафул секторына салалық сыйлықақылардың 24% -ға жуығы тиесілі болды. Малайзия, сонымен бірге, өтелмеген әлемдік сукуктардың 36% -на ие. Бүкіл әлемде сукук нарығының айналымы 2024 жылы 1 трлн долларға жетіп, жылына 254,3 млрд долларға дейін, яғни, 11% ұлғайды. Ал ESG sukuk 50 млрд долларға көтерілді, бұл ретте тек 2024 жылдың өзінде15,4 млрд доллардың мәмілесіне қол қойылған. Одан кейінгі орындардан Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері көрінген, ал Индонезия мен Пәкістан үздік бестікті тұйықтады. Жалпы алғанда ислам банкингінің қазіргі уақытта әлемнің 84 елін қамтитынын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат