2032-ға таман балалар ойыншығының нарығы 446 млрд долларға жуықтайды
2032-ға таман балалар ойыншығының нарығы 446 млрд долларға жуықтайды
12 күн бұрын 420 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұған ең алдымен баланың ой-өрісін дамытуға арналған ойыншықтар мен тезнологиялық интеграция ықпал етпек. Бұл жайында islam.kz порталы fintech-retail.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Credence Research Inc. Маркетингтік зерттеу мен консалтинг ұйымының есебінде келтірілген дерекке қарағанда, 2032 жылға таман орташа жылдық өсу қарқыны 4,33% деңгейінде сақталса, 445,97 млрд долларға жетеді. Мұндай болжам білім беруде маңызы зор ойыншықтарға деген артатын сұраныс пен цифрлы формат және онлайн-ритейлге қол жеткізу мүмкіндігі негізінде жасалды. Баяндамада ата-аналардың білім алуына әрі дамуына ықпал ететін STEM бағытындағы ойыншықтарды жиі сатып алуға көңіл бөліп жатқаны айтылаған. Бұл арада STEM білім беру (Ғылым, Технология, Инженерия, Математика) — табиғи ғылымдар мен инженерлік пәндерді біртұтас жүйеге біріктіретін модел турасында сөз болып отыр.Сонымен бірге, жасанды зерде, кеңейтілген шындық сияқты технологиялық жетістіктер мен қосымшалар кіріктірілген құрылғыларды балалар ойыншықтарына интеграциялау бұл нарықтың ұлғаюына себеп болуда. Бұған қоса, электронды сауда нарықтың кеңеюіне және сауда-саттықты арттыруға бағытталып отыр. Ойыншықтар нарығына ойыншықтардың қауіпсіздігіне қатысты қойылатын талаптардың қатаңдатылуы, кеден салығы, тариф саясаты, т.б. факторлар кері әсерін тигізуде.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3