2035 жылға қарай әлемдегі жаңартылатын энергия көздерінің орнатылған қондырғылар қуаты 11,2 ТВт-қа жетеді
|

2024 жылы 3,42 ТВт-тан 2035 жылға қарай жаһандық орнатылған жаңартылатын энергия көздерінің қуаты 11,2 тераватқа (ТВт) дейін жетуі мүмкін. Бұл жетістік негізінен күн және жел энергиясының есебінен орын алады. Бұл жайында islam.kz порталы nangs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. GlobalData-ның «Жаңартылатын энергия көздері: стратегиялық барлау» баяндамасында келтірілген дерекке сәйкес бұл жетістік 2024 жылдан бастап 2035 жылға дейін жаңғыртпалы энергия көздерінің 11% жылдық жиынтық өсу қарқынын (CAGR) көрсетеді. Бұған бірінші кезекте шығындардың төмендеуі себеп болса, екіншіден, күшті саяси қолдаудың арқасында болмақ. GlobalData жаңартылатын энергия көздерінің әлемдік нарығы 2015 жылғы 0,93 ТВт-тан 2024 жылдың соңына қарай 3,42 ТВт-қа дейін ұлғайғанын атап өтті, бұл шама 16%орташа жылдық өсу қарқынына сәйкес келеді. Күн және жел энергетикасы жаңартылатын энергия көздері секторына айтарлықтай үлес қосып отыр: 2024 жылы жалпы белгіленген қуаттың 56% -ын күн энергиясы және жел энергиясы 33% -ын құрады. Азия-Тынық мұхиты өңірі екі энергия көзі үшін де ірі нарыққа айналды. «Күн, фотоэлектр және жел технологияларына жұмсалатын шығындар төмендеп келе жатқандықтан, жаңартылатын энергия көздері инвесторлар үшін тартымды бола түсуде», - деп атап өтті GlobalData-дағы энергетика жөніндегі сарапшы Рехан Шиледар. «Бұдан басқа, өзге энергетикаға көшу стратегиясы электр энергиясына деген сұраныстың өсуімен үйлесіп отыр, ішінара сутегі энергетикасының және жасанды зерденің пайда болуы жаңартылатын энергия көздері нарығының өсуіне ықпал ететін болады», - деп қосты сарапшы. Өткен жылдың өзінде күн энергетикасына құйылған инвестиция мөлшері 329,1 млрд долларға жеткен. "Болашақта - 2030 жылға таман жердегі жел энергетикасы секторы 186,9 млрд долларға дейін, ал теңіз жел энергетикасы секторы 150,4 млрд долларға дейін өсуі ықтимал. Бұл көрсеткіштер жердегі жел энергетикасының орташа жылдық 4% өсу деңгейінде және теңіз жел энергетикасы үшін 14% өсу қарқынында болатынын білдіреді. Бұл тенденция осы жаңартылатын энергия көздері үшін тұрақты өсу траекторияларын білдіреді ", - деп айтылған GlobalData хабарламасында.




