|
30 жылдан соң Қытай халқының жарты млрд-қа жуығын қарттар құрайды
|
2050 жылға қарай жасы 60-тан асқан қытайлардың қарасы 487 млн адамға жетеді. Бұл жайында Синьхуа ақпарат агенттігі аталған елдің халықтың қартаю мәселелері жөніндегі ұлттық жұмыс комиссиясының кеңсесі келтірген дерекке сілтеме жасай отырып хабар таратты. Соңғы жылдары халқының саны көп аталған елде жасы егде тартқан қарттарды күту саласындағы қызмет түрлерін жетілдіруге күш салып келеді. Бүгінде аталған ел аумағында қарттарға қарайтын, қарттар үшін 7,46 млн керует ұсынып отырған 163 800 институт пен мекеме бар. Сөз орайы келгенде айта кету керек, өткен жылы Қытай халқының саны 5,3 млн адамға артып, жалпы қарасы 1,395 млрд адамды құраған болатын. Олардың шамамен 17,3%-ын жасы 60-тан асқан қарттар құрайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады