60 жыл бойы жуынбаған (фото)
60 жыл бойы жуынбаған (фото)
10 жыл бұрын 8616 nur.kz irna.com

Ирандық Аму Хаджидың жасы 80-де. Тұрақты мекен-жайы жоқ қарияның денесіне 60 жылдан бері су тимеген.

жуынбаган2

Терісі адамнан гөрі кесірткенің немесе пілдің терісіне ұқсайды. Ал көздерін анықтап қарамасаңыз көру қиын. Иісінің жағымсыздығы сонша, қасына адам жақындау мүмкін емес дейді жергілікті тұрғындар.

кир1

Қарт кісі Фарс провинциясындағы Дежга елдімекенінің іргесінде өмір сүреді.

жуынбаган10

Аму Хаджи тым еріншек, ешбір әрекеті жоқ адам. Ал оның басты қазынасы – темірден жасалған құбыр. Оның ішіне қария кепкен қи салып, темекі ретінде шегеді.

жуынбаган9

Амуды суретке түсіруге шетелден келген фотограф оған кәдімгі темекі беріп көрген. Қария бірден 5 данасын тұтатып шеккен кезде, шетелдік жағасын ұстаған.

жуынбаган7

Аму көп жылдан бері ауыл іргесіндегі тастанды ғимаратты баспана еткен. Қысы-жазы осында.

жуынбаган8

Күнінің көп бөлігін ол қимылсыз өткізеді, ұйықтайды немесе жай күнге қыздырынып жатады.

жуынбаган6

Ал түн суық болған сәтте оған шынымен де қиын. Аму жылыну үшін қолындағы барын жамылуға мәжбүр.

жуынбаган3

Оның нелітен бұлайша қаңғыбас болғанын ешкім білмейді. Өзі де айтқысы жоқ. Тіпті не үшін жуынбайтынын да айтпайды.

жуынбаган5

Аму өлген аң-құстың, үй жануарларының етін отқа ыстап жейді. Ал кейде жергілікті тұрғындар тамақ әкеліп береді.

жуынбаган4

0 пікір
Мұрағат