|
60 жылда алғаш рет қытай халқы күрт азайды
|
Өткен 2022 жылы Қытай халқы күрт қысқарған, дәлірегі, айналдырған бір жыл ішінде 850 мың адамға қысқарған. Бұл жайында islam.kz порталы Қытай халық республикасының мемлекетттік статистикалық бюросы келтірген дерекке жөн сілтеген «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылдың соңына қарай ел халқының саны 1 миллиард 411 миллион 750 мың адамды құраған (Гонконг, Макао, Тайуан тұрғындарын, сондай-ақ, ел аумағындағы шетелдіктерді есепке алмағанда). Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, халық санының бұлайша қысқаруы соңғы 60 жылда алғаш рет орын алған. Есеп бойынша өткен жылы 9,56 миллион адам дүниеге келіп, 10,41 миллион адам қайтыс болған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр