|
Әбу-Дабиде мыңнан аса ағза қондыру отасы жасалды
|
Адам ағзалары мен тіндерін донорлау және транспланттау жөніндегі Hayat («Өмір») ұлттық бағдарлама аясында Әбу-Дабиде ағзаларды транспланттау бойынша 1090 ота жасалды, соның арқасында Біріккен Араб Әмірлігі астанасы медициналық трансплантологияның өңірлік орталығына айналып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы Arabian Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2017 жылы іске қосылған «Өмір» бағдарламасы халықаралық стандарттарға сәйкес адам ағзалары мен тіндерінің донорлығын ынталандыруға бағытталған. Тек өткен жылдың зінде, яғни, 2024 жылы 290 транспланттау отасы жасалды, соның ішінде жеті жүрек, 142 бүйрек, 117 бауыр трансплантациясы, 22 өкпе және екі ұйқы безі трансплантациясы жүзеге асырылды. Биыл, дәлірегі, шілде айында Парсы шығанағы аймағында өкпені роботтандырылған құрылғымен транспланттау отасы сәтті өтті. Ал 2024 жылдың қарашасында БАӘ-де алғаш рет комбинациялық транспланттық ота жасалды: пациентке жүрек пен қос өкпені бір процедура кезінде салды. Басқа да жетістіктерді айта кеткен жөн: екі бүйректі роботтандырылған құрылғымен транспланттау, сондай-ақ, бүйрек, бауыр, ұйқы безі бойынша аралас операциялар жасалды. Burjeel Medical City-де БАӘ-де тірі донордан балалар бауырын трансплантациялау жүзеге асырылды: SEHA Sheikh Khalifa Medical City 2024 жылы 114-тен аса бүйрек трансплантациясын сәтті өткізді және ересектер мен балаларға арналған бауыр трансплантациясы бағдарламасын дамытуда.