|
ӘБУ-ДАБИДЕ SOLAR IMPULSE 2 ҰШАҒЫНЫҢ САЯХАТЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ (ВИДЕО)
|
Күн батареяларымен жұмыс істейтін Solar Impulse 2 ұшағы өзінің жершарын айнала жасаған саяхатын БАӘ-де аяқтады, деп хабарланды жобаның Twitter-дегі ресми шағын блогында.
Жексенбіде ұшақ Мысырдан БАӘ-ға ұшқаны туралы хабарланды. Solar Impulse 2 бір апта бұрын соңғы қалаға ұшуы тиіс еді, алайда ұшқыш Бертран Пикардың ауыруына байланысты кейінге шегерілді.
"Solar Impulse 2 және Бертран Пикар Әбу-Дабиде сәтті қонды", - деп жазылды жоба Twitter-інде.
Ұшқанда күн энергиясын пайдаланатын Solar Impulse 2 жер шарын айналу шартын 2015 жылы 9 наурызда Әбу-Дабиден бастады. Ол Оман (Маскат), Үндістан (Варанаси), Мьянма (Мандалай), Қытай (Чунцин және Нанкин), Жапония (Нагоя) және АҚШ-тың бірнеше қалаларында болды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2025 жылы 83 ауыл тарап кетті, ал 25 жылда 1,8 мың ауыл жойылған. Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие
■
Байкот жарияланған McDonald’s мұсылмандардың көңілін жаулап алу қамына кірісті
■
Әлеуметтік желідегі бүркеншек парақшалар бұғатталады
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Әлемге әйгілі компания бизнес құрылымын өзгертеді