|
Адамның бас сүйектерінен салынған қабырға табылды
|
Археологтар Мехико қаласының тарихи орталығынан ацтектер дәуірінде адамдардың бас сүйектерінен салынған қабырғаның үстінен түсті.
Гватемала көшесінде тереңдігі екі метр жерден ұзындығы шамамен 30 метрдей, орталық бөлігінде шеңбер түрінде қойылған бірнеше ондаған бас сүйектері бар тікбұрышты платформа табылды.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай орналастырылған қабырға сылақ және плиткамен жабылып, тастармен қаланған. Ғалымдар 35 бас сүйекті санады, алайда оның саны айтарлықтай көп болуы тиіс делініп отыр. Басым бөлігі – жас ер адамдардың бас сүйектері, деп жазады ТАСС.
Сарапшылар қабырғаның XV-XVI ғасырлар аралығында салынғанын шамалап отыр. Бұлар ацтектер тұтқынға алған жауларының бас сүйектері болуы ықтимал.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады