Адамның өмірден өз еркімен кетуіне мүмкіндік беретін заң жобасы талқылануда
Адамның өмірден өз еркімен кетуіне мүмкіндік беретін заң жобасы талқылануда
10 жыл бұрын 3157

Калифорния ассамблеясы дәрігердің көмегімен жазылудан күдерін үзген әрі сырқаты жанына батқан пациентке өмірден өз еркімен кетуіне мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады. Алайда, аталмыш құжатты сенат әлі мақұлдаған жоқ. Бұл заң жобасының әзірленуіне осы штаттың дерт меңдеген тұрғыны Бриттани Мейнардтың өмірден өз еркімен кету үшін Орегон штатына барғаны түрткі болды. АҚШ-тың жиырма штатында осындай заң жобасы әзірленгенімен олардың бірде-біреуі ресми қолданысқа енген жоқ. Калифорния губернаторы Джерри Браунның аталмыш құжатқа қолын қояды ма, ол жағы да белгісіз. Десе де, діндарлар мен діни ұйымдар бұл заң жобасының қабылдануына қарсылық білдіріп отыр. Алла берген аманат жанды өз қолымен қиюға мүмкіндік беретін аталмыш заң жобасы бойынша пациент өлтіретін дәріні өз қолымен қабылдайды. 

 

0 пікір
Мұрағат