|
Адамзаттың 59%-ы діннің жағымды ықпалын мойындады
|
WIN/Gallup International қауымдастығы әлемнің 65 елінде 70000 адамға сауалнама жүргізіп, мынадай қызық мәліметті алға тартып отыр: адамзаттың 59 пайызы діннің қоғамға тигізер оң ықпалын жоққа шығармаған. Алайда, әрбір бесінші респондент бұл пікірге қарсы уәж білдірген (22%). Қарсы пікір білдіргендердің дені батыс Еуропадан ұшырасқан, нақтырақ айтқанда, Бельгия, Дания, Нидерланды, Франция, Испания және Швеция тұрғындары діннің маңызын жоққа шығаруға тырысқан екен. Бір қызығы, осы сауалнамаға қатысқан Индонезия тұрғындарының 95 пайызы діннің қоғамға жағымды әсер ететінін мойындаған. Респонденттердің арасында мұсылмандардың 76 пайызы, ал протестанттардың 72 пайызы, индустардың тек 55 пайызы оң пікір білдірген көрінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)