Адамзаттың әр сегізіншісі семіздіктен зардап шегеді
Адамзаттың әр сегізіншісі семіздіктен зардап шегеді
3 сағат бұрын 45 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

1990-шы жылдардан бері ересектер мен жасөспірімдер арасындағы семіздік деңгейі едәуір артқан. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде ажамзаттың әрбір сегізіншісі семіздіктен зардап шегеді. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бері ересектер арасындағы семіздік көрсеткіші екі еседен асқан, ал жасөспірімдерде төрт есе асқан. Күллі әлем бойынша денсаулық сақтау саласына ауыртпалық түсіріп отырған семіздік індеті созылмалы және емі қиын аурулардың біріне жатады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 25-тен жоғары дене салмағының индексі кезіндегі жағдайды артық салмақ ретінде, ал 30-дан жоғары жағдайды - семіздік ретінде жіктейді. Семіздік 2 типті диабеттің және жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупін арттырады, сүйек саулығына және репродуктивті (ұрпақ өрбіту қабілетіне) функциясына теріс әсер етеді, онкологиялық аурулардың кейбір түрлерінің қаупін арттырады, ұйқының бұзылуына немесе өмір сапасына теріс әсер ете отырып, қимыл-қозғалыстың төмендеуіне әкеледі. Артық салмақ пен семіздік азықты тұтыну (тамақтану) мен тұтынылған азықтың энергияға айналуы (физикалық белсенділік) арасындағы алшақтық пен айырмашылықтан туындаса да көптеген жағдайларда семіздік қоршаған ортаның әсерінен, психоәлеуметтік факторлар мен генетикалық факторларға байланысты күрделі әрі сан қырлы ауру ретінде сипатталады. Бүгінде адамзаттың 2,5 млрд-ы артық салмақтан зардап шексе, 890 млн-нан астамы семіздік індетіне шалдыққан. Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымының 2022 жылғы мәліметі бойынша адамзаттың әрбір сегізіншісі семіздік індетіне шалдыққан. 1990 жылдан бері ересектер арасындағы семіздік көрсеткіші екі жарым есеге артса, жасөспірімдер арасындағы бұл көрсеткіш 4 есеге артқан. Күллі әлем бойынша ересектердің 43% -ында артық салмақтан, ал семіздіктан 16% -ы зардап шегеді. 5-19 жас аралығындағы 390 млн-нан аса бала мен жасөспірімнің салмағы артық, оның 160 млн-ы семіздік індетімен бетпе-бет келіп отыр. Егер 1990 жылы 5-19 жастағы балалар мен жасөспірімдердің тек 2% -ы (31 млн адам) семіздік індетіне шалдықса, 2022 жылға қарай бұл көрсеткіш 8% -ға дейін өсті (160 млн астам жас). Семіздік табыс деңгейі төмен және орташа елдердің де бас ауруына айналған. ДДҰ дерегіне үңілсек, бір кездері табысы жоғары елдердің басында кездесетін мұндай дағдарыс қазіргі уақытта табысы төмен және орташа деңгейдегі елдерде де кеңінен таралып келеді. Африка құрлығындағы 5 жасқа дейінгі салмағы артық балалар саны 2000 жылдан бері шамамен 12,1% -ға өсті, ал 2024 жылы 5 жасқа дейінгі салмағы артық немесе семіздігі бар балалардың жартысына жуығы Азияда тұрды.

0 пікір
Мұрағат