|
Адамзаттың жартысына дейін азаятын кезең жақындап келеді
|
Бүгінде адамзат 8,3 млрд адамды құрайды. Алайда, алдағы уақытта күрт азаятын болады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Милан университеті (Италия) ғалымдарының тұжырымына жөн сілтеген inbusiness.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесіне сәйкес жағымсыз сценарилер жалғасатын болса, Жер тұрғындарының саны 2064 жылға қарай екі есеге дерлік азая алады. Ғалымдардың айтуынша, бұл бағыттағы дерек болжам негізінде алынған жоқ - заманауи өркениеттің жаһандық дағдарыстар алдында қаншалықты осал екенін көрсететін математикалық модел бойынша қалыптасқан. Дәлірегі, демографиялық құлдыраудың ықтимал себептерінің ішінде климаттық апатты, жаңа пандемияларды, ауқымды соғыстарды және өмірлік маңызды ресурстар - су мен азық-түлік тапшылығы, т.б. факторлар аталған. Мамандардың мұндай қорытындыға келуіне неолит дәуірінен бастап қазіргі заманға дейінгі 12 мың жылға жуық халық өсімінің талдау нәтижесі себеп болып отыр. Осы мәліметтер негізінде баяу өсу және күрт демографиялық өрлеу кезеңдерін сипаттайтын формула жасалды. Базалық сценариде модел сөзсіз құлдырауды көрсетпеген. Алайда, «Жер мүмкіндігі» деп аталатын жағдай планетаны ресурстармен қамтамасыз етуге қабілетті адамдар санының күрт төмендеген кезде түбегейлі өзгеруі мүмкін. Соңғы деректер бойынша халықтың тұрақты өсімін арттыру үшін бір әйелге орта есеппен 2,7 бала қажет, ал көптеген дамыған елдерде бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен