Африка елі ерлерге әйелдерінің тегіне жазылуға рұқсат берді
Африка елі ерлерге әйелдерінің тегіне жазылуға рұқсат берді
3 ай бұрын 857 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Африка республикасының соты әйелінің тегіне жазылуға тыйым салатын заңды конституцияға қайшы деп тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Deutsche Welle ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ОАР-дың конституциялық сотының қаулысына сәйкес ерлер әйелдерінің тегіне жазыла алады. Сот төрағасы Лоен Терон бұл тараптағы қолданыстағы заңнама «жыныс белгісі бойынша» кемсітеді әрі «отарлаушы елден алынған» деп мәлімдеді. Әйелдің отбасылық жағдайы өзгерген кезде ғана тегін өзгертуге мүмкіндік беретін заң ақ нәсілділер билік құрған жылдары қабылданған екен. Сот қолданыстағы заңнаманың қолданылуын тоқтатып, үкіметке туу мен қайтыс болуды тіркеу туралы заңға түзетулер енгізуге екі жыл уақыт берді. Бұл тараптағы дау-дамай жас жұптардың сотқа жүгінуінен басталған еді. Олар гендерлік тұрғыдан кемсітуге жол бергені үшін елдің ішкі істер министрлігінің үстінен сотқа шағымданған. Күйеу жағы қалыңдығы мен өзінің аты-жөні сызықша (дефис) арқылы жазылуын, ал қалыңдық жағы күйеуінің өзінің тегіне жазылуын талап еткен. Осы істі қарай келе сот қолданыстағы заңнаманың ақ нәсілділер биліктен тайған 1994 жылы қабылданған, Оңтүстік Африка республикасының конституциясына бекітілген теңдік құқығын бұзатыны жөнінде қаулы қабылдады. Сот қаулысында айтылғандай, африкалық әйелдер тұрмысқа шыққанда өзінің тегін сақтап қана қоймай, баласын да өз атына жаздыратын салт болған. Еуропалық отарлаушылар мен христиан миссионерлері әкелген батыс құндылықтарына сай әйелдер ерінің тегіне жазыла бастаған.

0 пікір
Мұрағат