|
Африка құрлығындағы ең ірі инвестор ел белгілі болды
|
Біріккен Араб Әмірлігі Африка елдеріндегі түрлі жобаларға молынан қаржы құйып, соның ішінде экологиялық жобаларға белсене атласысып, осы құрлықтағы ең ірі инвестор атанды. Бұл жайында islam.kz порталы британиялық The Guardian мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2019-2023 жылдар аралығында БАӘ компаниялары Африкаға $110 млрд инвестиция құюға дайын екенін жариялады. Осы ретте бұл қаржының шамамен $72 млрд-ы жаңғыртпалы энергия көздері саласындағы жобаларға бағытталады. Бұдан басқа, әмірлік компанияларының инвестициялары Африка елдерінің ауыл шаруашылығы, телекоммуникация және тау-кен секторын қамтиды. Бұл көрсеткіш батыс мемлекеттерінің, соның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалардан бас тартқан Ұлыбритания мен Францияның уәде еткен қаражатынан екі есе артық. Ахмет Әбудық есімді сарапшының айтуынша, африкалық елдер батыс мемлекеттерінің экологиялық бастамаларды қаржыландыру туралы орындалмаған уәделеріне көңілі толмайды. Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясында бай елдерді жыл сайын 300 млрд долар бөлуге міндеттеді, ал дамушы елдер 1,3 трлн доллар талап етіп отыр. Африка энергетика секторын трансформациялау үшін осы қаражатқа аса мұқтаж, ал әмірлік инвесторлары батыс елдері толтыра алмаған орасан зор олқылықтарды болдырмауға күш салып келеді. Ал Ecofin іскерлік агенттігі хабарлағандай, биыл (2024 ж.) Африка құрлығына тікелей тартылған инвестиция мөлшері едәуір азайып кеткен. 2024-тің алғашқы жарты жылында тікелей инвестиция мөлшері 900 млн доллардан аспады, бұл 2023 жылдың осы тараптағы кқрсеткішімен салыстырғанда 66%-ға аз.