Африка тарихта тұңғыш рет есектерді қорғау жөніндегі құрлықтық стратегияны қабылдайды
Африка тарихта тұңғыш рет есектерді қорғау жөніндегі құрлықтық стратегияны қабылдайды
21 күн бұрын 576 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. AU IBAR Director Dr Huyam Salih speaking during the second Pan-African Donkey Conference in Abidjan. Photo: IBAR. Source: UGC

Африка осы құрлыққа тән жануарлар санатындағы есектер популяциясын қорғау бағытында алғашқы қадамын жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Tuko ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Абижанда аталған құрлықтың барлық түкпірінен мүдделі тұлғалар мен сарапшылар есектерді қорғауға қатысты Екінші Панафрикалық конференцияға (PADCO-2) жиналды. Африкада есектерді сақтау, аталған жануардың өсіп-өркендеуіне жағдай жасау және тұрақты түрде пайдалану жөніндегі стратегияны қабылдайды. Африка одағының мал шаруашылығы ресурстары жөніндегі африкааралық бюросы (AU-IBAR) Брук жануарларға арналған ауруханасымен және басқа да әріптестермен бірлесіп шақырған конференция аталмыш ұйымға мүше мемлекеттерді, өңірлік экономикалық қоғамдастықтарды (РЭҚ), азаматтық қоғамды, халықаралық ұйымдарды, ғылыми топтар мен есектер қоғамдастығы өкілдерін біріктіреді. Басты мақсат – бұл популяцияға төнген қауіптің алдын алу, ең алдымен оның терісімен сауда-саттыққа, жаппай союға тосқауыл қою амалдары қарастырылады. Бұдан бөлек, ұлттық даму бағдарламасында популяцияны ұзақ мерзімді қорғау тетіктерін қалыптаастыру міндетін шешуге талпынады. Бүгінгі таңда Африка құрлығында ұзын саны 13 млн-нан асатын есек тіршілік етеді. Осыы құрлықтағы есектер жұмысшы жануарлардың 36%-дан астамын құрайды екен. Дегенмен, бұл жануардың құндылығына мал шаруашылығын дамытуға арналған ресми бағдарламаларда жеткілікті көңіл бөлінбейді. Ол жүк тасымалдаудан бастап, ауылдық жерлерде қара жұмыстың өзге де түрлеріне жегіледі. Яғни, ауыл экономикасында маңызды рөл ойнайды. Бұған қоса, терісі қажетті тауарларға пайдаланылады. Осыған қарамастан есек мал дәрігерлерінің жәрдемінен тыс қалады, инвестициялық жоспарға енбейді. Бұл бағытта африкалық көшбасшылар есектерді коммерциялық тұрғыдан, яғни, пайда табу үшін союға моратори жариялап, есек терісінің экспортын шектеп, дағдарысқа үйлестірілген, ғылыми негізделген шешім әзірлеуді талап етті. Стратегияда есектерді мал шаруашылығының ұлттық саясатына біріктіруді, коммерциялық союға тыйым салуды енгізуді, өсірудің этикалық бағдарламаларына тартылатын инвестицияларды және есектердің таралуын және олардың өнімділігін қадағалау үшін деректер жинаудың неғұрлым сенімді жүйелерін құруды алдына мақсат етіп қойды. Есектер популяциясын қорғау жөніндегі стратегия Ауыл шаруашылығы, ауыл дамуы, су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі мамандандырылған техникалық комитетке (STC-ARDWE), содан кейін - ресми мақұлдау үшін Африка одағының мемлекеттері мен үкіметтерінің басшыларына ұсынылатын болады. PADCO-2 нәтижелері халықаралық донорлар мен даму жөніндегі әріптестердің қолдауымен AU-IBAR басқаратын Африкадағы есектердің әл-ауқаты мен сақталуы бағдарламасын іске қосуы мүмкін.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3