|
Африкада жылдап тамақтанбайтын балық түрі табылды
|
Африка аумағында «рогозуб» деп аталатын балық түрі табылды.
Ол бірнеше жыл бойы тамақтанбай өмір сүре алады екен. Зерттеушілер бұл өзгеше де құнды «олжаға» үлкен үміт артып отыр. Олардың пайымынша, бұл балық белгілі бір жағдайда адамның өмір сүруін уақытша тоқтатудың жаңа әдістерін құруға көмектеседі. Табылған рогозуб қиын жағдайда организміндегі үдерістерді бәсеңдете алатыны анықталды. Балық өзінің биологиялық сағатын «істен шығарып» ұйқыға кетеді. Оның ұйқысы 3 немесе 5 жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл уақытта балық тағамсыз, тіпті сусыз өмір сүріп, қалдық та шығармайды екен. Су жануары тұщы су келгенге дейін ұйықтай бермек, деп жазды planet-today.ru.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды