Африкада шегіртке аулау – кәсіп көзі
Африкада шегіртке аулау – кәсіп көзі
25 күн бұрын 516 24.kz

Шегіртке қаптаса нансыз қаласың,, деп хабарлайды  24.kz

Африка елдері мен халықаралық ұйымдар да шегірткемен күресіп әлек. Эфиопия 112 000 гектар алқапқа химиялық дәрі сепкен. Осы зиянкестермен күресу үшін БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы Эфиопияға 4,5 миллион АҚШ долларын және 220 000 литр химиялық заттар жөнелткен. Шегіртке африкалықтардың бас ауруына айналған мәселе. Амалын тапқандары оны аулап, тағам ретінде пайдаланып отыр. Жалпы бұл жәндікті зиянкес дейміз ғой. Дегенмен, пайдалы тұстары да бар. 

Шегіртке аулаушылар үшін сәуір мен мамыр ең қолайлы кезең. Өйткені, бұл кезде шегірткелер жұмыртқадан шығып, дернәсіл күйінде жүреді. Ұша алмайтындықтан жинап алу оңай. Сондықтан ауылшаруашылығына зиян келтірмей тұрып, биологиялық бақылау мақсатында аулау тиімді. Кей елдерде тағамдық мақсатта да осы кезде жинай бастайды. Дернәсіл кезеңінде шегірткелер жұмсақ әрі ақуызға бай, сондықтан тағам өндірісіне жарамды. Жәндік аулайтындар Уганда базарларын ақуыздың басты көзімен қамтамасыз етіп отыр. Бір кездері бірен-саран адам айналысқан кәсіп бүгінде сұранысты өтеу үшін тонналап жәндік аулайтын алып қақпандары бар, коммерцияланған өнеркәсіп. Угандада тұздалған және қуырылған шегіртке – деликатес. Ашық базарларда, такси паркінде, жол жиектерінде бір қабы екі долларға сатылады.

Джин Фефолиарт, Вашингтондағы Мэдисон университетінің энтомологы: - Оңтүстік-Шығыс Азияда жәндіктер миллиондаған адамның күнделікті рационының - маңызды бөлігі. Крикеттер, тарқандар және басқа да жәндіктер бүкіл аймақта жол бойындағы дүкендер мен мейрамханаларда сатылады. Одан түскен қаражатты коммерциялық және отандық өндірушілер жинап, зардап шеккен шаруалардың шығынын жабуға көмектеседі. 

Шегіртке ақуызға бай жәндік 

Ақуызы мол, темір, мырыш және басқа да керекті минералға бай бұта шегірткелері, жалпы жеуге жарайтын жәндіктер БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы тарапынан «болашақтың азық көзі» ретінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және аштықты азайтудың маңызды фактор деп белгіленген.  

Шегірткені азық еткен елдер

Шегірткені — Азия мен Африкада және Латын Америкасында мыңдаған жылдар бойы адамдар тұтынып келеді. Мысалы, Тайландта қуырып береді, Мексикада дәмдеуішпен бірге пайдаланады. Африка елдерінде күнге кептіріп, содан кейін қуырып немесе бұқтырып жейді. Балалар мен спортшылар үшін нағыз ақуыз көзі. Ал қытайлар буға пісіріп жейді. Кейде тәтті соя соусына салып дайындайды. Кейбір аймақтарда – дәстүрлі қытай медицинасында емдік қасиеті бар деп есептеледі. Сондай-ақ, Индонезияның ас мәзірінде «Belalang goreng» деп аталатын –  қуырылған шегіртке тағамы бар. Иран және Сауд арабиясында шегіртке - халал тағам. Араб елдерінде құрғақ күйде қуырып жейді. Ал Жапонияда шегіртке тағамы «инго» деп аталады. Ол сәндік тағам ретінде де ұсынылады. Дегенмен кей адамдарда шегірткеге немесе олардың ақуызына аллергиясы болуы мүмкін.   

Шегірткенің ауыл шаруашылығына әсері     

Шегірткені шектен тыс аулау мен климат өзгерісі болашақта осы азық түріне қауіп төндіруі мүмкін. Шегірткенің мүлдем жойылып кетуі не шектен тыс түрлерінің көбеюі экожүйедегі тепе-теңдікті бұзады. Бір топ шегіртке жүздеген мың гектар егістікті жойып жібере алады. Салдарынан егістік, жайылым, бақшаларды құртып, ашаршылыққа әкелуі мүмкін. Мәселен 2020 жылы Африкада шегіртке шабуылы үлкен экономикалық дағдарыс туғызған. 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3