Африкалық ел қоянмен жан бағуға көшті
|

Зимбабвиялық коммерциялық мақсатта қоян өсірушілер қауымдастығы (Zicorba) жер, ауыл шаруашылығы, балық аулау және ауылдық аудандарды дамыту министрлігімен бірлесе отырып, өткен аптада Харарда мал шаруашылығы мамандарын және жаңадан бастаған фермерлерді қоян өсірудің қыр-сырымен таныстыру және қажетті дағдыларға баулу үшін семинар өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы NewsDay ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Семинар барысында қоян шаруашылығын жүргізудің ерекшеліктері мен аспектілері сөз болды. Бұған қоса, нарыққа шығу стартегиясы талқыланды. Zicorba құрылған сәттен бастап аз уақытта өркен жайған кәсіпорынға айналған. Қосымша жұмыс орындары ашылып, елдің азық-түлік қауіпсіздігі артқан. Осылайша ел экономикасынн әртараптандыру бағытындағы маңызды жобаға айналған. Қоян шаруашылығының мейлінше аз шығынды қажет ететіні, қоршаған ортаға тигізер зияны мен залалы аз екендігі, соған қарамастан табысы жоғары салаға айналғаны сөз болды. Бір қоян шаруашылығы 1,8 млн отбасын асырай алады. Қоян етін тек шикізат күйінде емес, шұжық, бәліш, пицца, гамбургер секілді тағам өнімдері арқылы табысты арттыруға болады. Оның үстіне, қоян өте өсімтал келетіндіктен, өз-өзін экономикалық тұрғыдан ақтап қоймай, шетел валютасын әкеледі.




