|
Африкалық ел стратегиялық маңызы зор кен орындарын кері қайтаруға күш салып жатыр
|
Нигердің жаңадан жасақталған үкіметі стратегиялық тұрғыдан маңызы зор табиғи байлықты шетелдік корпорациялардың уысынан алу бағытында жұмыс істеп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Африка бастамасы» деп аталатын ақпарат агенттігіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Африка құрлығының батысындағы Гвиней шығанағы жа,ғалауында орын тепкен аталған ел президенті Әбдірахман Тшан австралиялық McKinel Resources Limited компаниясы игерген Societe des mines du Liptako алтын кенішін ұлттық игілікке айналдыратынын мәлімдеді. Бұған аталмыш компанияның бірқатар шаттар мен талаптарды орындамағаны себеп болған. Нигер билігінің атап өткеніндей, McKinel Resources Limited компаниясы бастапқыда кен орнына шамамен 10 млн доллар инвестиция құюы тиіс болатын. Келісім бойынша. Алайда, компания өкілдері уәдесінде тұрмаған. Ал бұл жайт салық бойынша қарызға батырып, жұмысшылар жалақысының төленбеуіне әрі қызметкерлердің жұмыстан қысқаруына, өндірістің тоқтауына әкелген. Австралиялықтар Нигер өзенінің жағалауындағы алтын кенішіне 2019 жылы мемлекеттік компаниядан акциялардың бақылау пакетін сатып алғаннан ккейін ие болды. Нигердің шетелдіктерге тиесілі ірі өнеркәсіптік кәсіпорынды мемлекет меншігіне жалғыз бұл кенішті ғана алған жоқ. Маусым айында Нигер үкіметі Orano француз ядролық энергетикалық тобының еншілес компаниясы Somair компаниясын мемлекет меншігіне алды. Осы орайда Нигер уран өндіру бойынша әлемде 6-шы және барланған қоры бойынша 9-шы орында тұрғанын айта кетпекпіз.